Келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырдым. Бұл келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі деген сөз», – деді Президент жолдауында.
Еске салайық, мұның алдында Президенттің бүгін, 2 қыркүйекте халыққа Жолдау жариялап, онда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылатыны хабарланған еді.
Kaz.tengrinews.kz