Home Қоғам 20 млрд теңге шығын

20 млрд теңге шығын

15
ҚМА жыл басынан бері 20 млрд теңгеге жуық шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 17 қазанында ҚМА баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, 12 млрд теңгеден астам қаражат өтелді.

Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді.

Мәселен, Алматыда «HitBeatMusic» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

 

Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан.

 

Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15% — на дейін пайдасын уәде етті.

Келтірілген залал сомасы 255 млн теңгені құрайды. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасайды.

Ағымдағы жылы қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемелері бұғатталды.

Алдыңғы жазба“Бір қолға – бір SIM-карта“
Келесі жазбаАлматы жастары  «Таза Қазақстан» акциясын қолдады