Home Жаңалықтар 10 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ 1 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ЖАҢА БЕЛСЕНДІ КӘСІПКЕРЛЕР ДАЙЫНДАП ШЫҒАМЫЗ

10 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ 1 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ЖАҢА БЕЛСЕНДІ КӘСІПКЕРЛЕР ДАЙЫНДАП ШЫҒАМЫЗ

43

«Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсы жастарға жер мен пайызсыз қаражат бөліп беру ұсынысын жасағанын жақсы білесіздер. Осылайша жастар жылын пайдаланып, кәмілетке толған жастарға осындай мүмкіндік беруді ұсындық.

Біріншіден, жер бөліп беру нақты бизнес үлгімен дайындалу керек. Мысалы, қияр, қызылша немесе тауық өсіру деген сияқты тағыда басқа нақты жобамен байланысты болуы қажет.
Екіншіден, сол істі бастап кету үшін пайызсыз 5-10 жылға қарызға қаражат беру қажет.
Үшіншіден, өндірілген өнімді өз құнынан 20-30%-ға жоғары бағамен мемлекет сатып алуды мойнына алып, я болмаса, жас кәсіпкерлерге одан да жоғары бағаға сатуға мүмкіндіктерду қамтамасыз етуі керек.
Біз осы бағдарламаны тез арада іске асырсақ, 10 жылдың ішінде 1 миллионға жуық жаңа белсенді кәсіпкерлер дайындап шығамыз. Ал олар өз кезегінде нақты бизнесі бар, салық төлейтін мемлекеттің капиталына айналады. Қазақстанда шағын-орта кәсіпкерліктің үлесін 50% жеткіземіз. 5-10 жылдың ішінде мемлекет өз ақшасын қайтарыпта алады. Кемінде 300 миллиардтай жаңа салық көзі пайда болады. Аймақтарда, үлкен қалада 3-4 миллион адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Ағайын, жастар – біздің болашағымыз. Байыған олигарxтарға жерді, ақшаны бере бергенше жастарымыздың да болашағына инвестиция құяйық. Біз жастарға кәсіпкерлікті үйретуді өз мойнымызға алуға дайынбыз.
Бізді қолдаңыздар!

Азаматхан Амиртай
TazaEl.KZ
Экологический альянс «Байтақ болашақ»

Алдыңғы жазбаCS:GO-дан қазақстандық команда бір миллион долларға таласады – Ғаламтор
Келесі жазбаШҚО-да тасжолда 312 адам эвакуацияланып, 200-ден аса көлік қар құрсауында қалып отыр – Ел жаңалықтары