Home Жаңалықтар Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталып қалды

Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталып қалды

52

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Алдыңғы жазбаГенерал-майор Қайрат Көпбаев екі айға қамалды
Келесі жазбаҚазақстанда ана мен балаға берілетін жәрдемақы мен төлемдердің 11 түрі бар