Home Жаңалықтар Теміржол билетін қайтарып бергендерге енді айыппұл салынбайды

Теміржол билетін қайтарып бергендерге енді айыппұл салынбайды

37

Жалғасы Қазақстанда пойыздарда темекі шегуге тыйым салынды «Жолаушылар тасымалы» компаниясы теміржол билеттерін қайтарып бергендерге салынатын айыппұлды алып тастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жолаушы сапардан бас тартқанына байланысты жол құжатын қайтарып беру операциясы үшін 1000 теңге көлемінде ақша ұстау алынып тасталды», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов.  Мүгедектіктің барлық тобының, сондай-ақ мүгедек балалардың сапарына қатысты өзгерестер енгізілді. Оларға билетті негізгі құнынан 50 пайыз көлемінде жеңілдікпен сатып алуға болады. Ал коммерциялық бағыттар бойынша – тасымалдаушының көзқарасына байланысты.  2018 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз билетін қайтарып бергендерге 1000 теңге айыппұл салатындарын хабарлаған еді.

Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматыда кафе өртеніп жатыр
Келесі жазбаТянь-Шань тауында жоғалған альпинистерді іздеуге әскерилер ұшып шықты