«ЕАЭО тағдыры да осы сұраққа байланып тұр» дейді мамандар
ЕАЭО-ның қолданыстағы экономикалық моделі және оның ұйымға мүше елдер халқының өмір сүру деңгейіне әсері туралы мәселе «Wall Street Invest Partners» компаниясының сарапшысы Уалихан Қайсаров, «ТeleTrade» компаниясы вице-президенті Дмитрий Дригайло және осы компанияның қаржы сарапшысы Мария Сальникова қатысқан жиында талқыланды.
Спикерлер мәлім еткендей, ЕАЭО-тың қазіргі жағдайы оған қатысты оң тенденция мен трендттер жайлы болжам айтуға бермейді. Дмитрий Дригайло Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын күрделі жағдайда бастағанын еске түсірді. Қазір одақ шеңберінде қалыптасып отырған қолайсыз коньюктураның бөлігі Ресейге сырттан жасалып отырған саяси қысымға байланысты болса, бір жағынан мұндай бағасының құлдырауы да себеп болыпты. «Қазақстанға бұл әсерін тигізеді. Бірақ аталған қиындықтарға қарамастан, біз одақ белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтуге тиіспіз. Одақтың арқасында ұйымға қатысушы елдердің экономикасы сырттан келетін қауіпке тұрақты бола түсті. Жекелеген түрде оған реалды төтеп беру мүмкін емес еді », –дейді Дмитрий Дригайло.
Дмитрий Дригайло саяси санкцияның қысымы маңызды болғанмен, шешуші фактор емес екенін айтты. Тіпті одаққа бесінші болып қосылған Армения билігіндегі өзгерістер де ЕАЭО форматына соншалықты әсерін тигізе қоймайды екен. «Сондықтан, ЕАЭО жайлы эсхатологиялық пікірлерді тым асыра айтқандық деп қабылдаймын» –дейді Дмитрий Дригайло.
Осы тұста, Дмитрий Дригайло ЕАЭО –тың сәтсіздігі туралы пікірлердің Өзбекстанда болып жатқан саяси және экономикалық реформалармен байланыстыра айтылатынына тоқталып өтті. «Өзбекстанның экономикасы КСРО кезінен шикізаттық емес секторға бағытталғанын және өзбек жағы осы бағытта сақтап қалғанын ескеруіміз керек. Өзбекстан эконономикасының феномені деп басталатын әңгіме әзірге саяси пиар және өзбек реформасының беталысы туралы сарапшылардың болжамы. Өзбек билігінің барынша ашық экономикалық саясатқа көшуі осындай болжамның тууына себеп болып отыр. Мен мұны өткен аптада Өзбекстанға барғанда байқадым. Реалды өзгерістерді көрген жоқпын. Керісінше, Өзбекстан экономикалық одақтардың қажеттігін сезе бастады» , – дейді Дмитрий Дригайло.
Ал Мария Сальникова соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстанның экономикалық бостандық индексі тұрақты түрде өсіп келе жатқанын айтты. Қазір ол тұрақты тарихи максимуына жетіпті. Ол – 69.1. Бұл одаққа мүше елдер арасында ең жоғарғы көрсеткіш екен. Тіпті 1990 жылдардан бері осы көрсеткіш бойынша алда келе жатқан Армениядан да жоғары екен. «Қазақстан еңбек коэфиценті бойынша да алда – 86.8. пайыз. Салыстыра кету үшін айтсақ, Ресейде бұл көрсеткіш – 52 пайызға енді жетті. Ел басшылығының 2000 жылдардан бері номинальды жалақының үздіксіз өсімін қолдауға шамасы жетті. Бірақ девальвацияға байланысты негативті құбылыс байқала бастады. АҚШ долларының өсіміне Ресей бағытталған саяси санкцияның әсері болды» , –дейді Мария Сальникова.
Бірақ, соған қарамастан, Мария Сальникованың пайымдауынша, теңгенің АҚШ долларына қатысты биылғы бағамын 328−338 дәлізі бойынша ұстап тұруға мүмкіндік бар. Бірақ жақын үй айдағы бағамға маусымдық өзгерістер әсер ету мүмкіндігін де жоққа шығармады. Мамырдағы демалыс пен еңбек демалысы маусымының жақындап қалуының әсерінен 315 теңгеге төмендеп кетуі де әбден мүмкін.
«Теңге үшін доллар бағамының 380 теңге болуы максимальды баға, ал минимальды баға -344 теңге » – деген сарапшы Қазақстанның теңгесі АҚШ –тан келген жаңалықтың әсерін сезетінін де айтты. Себебі АҚШ биыл өзінің пайыздық мөлшерлемесін 3 рет өзгертеді. «Мұнан кейін АҚШ банктері өздерінің резервтегі артық ақшасын несиеге бере бастайды. АҚШ-тың Солтүстік Корея мен Қытай басшыларымен кездесуінің қортындысы да доллар бағамына әсер етуі мүмкін» , –дейді Мария Сальникова.
Мария Сальникова өзінің баяндамасында Дүние жүзі банк келтірген деректерде Қазақстанның бірқатар индекстер бойынша алда келе жатқанын айтты. Бұл ЕАЭО мүшелігінде қала беруіне кедергі келтірмейді екен. Керісінше, Қазақстанның ЕАЭО шеңберінде ЕО немесе Түркия, мұсылман елдері экономикасымен интеграциялану үдерісінің арта түскені байқалады. «Қазақстанның бұл позициясы кейбір елдер, әсіресе РФ-дың кейбір саясаттанушылары тарапынан сынға ұшырап жатқанын және оның ұйымның форматына әсер ете алмайтынын білеміз, ЕАЭО танымалдылығы мен қажеттілігі төмендеп кетті деген пікір тек уақытша ғана» –дейді сарапшы.
«Wall Street Invest Partners» компаниясының сарапшысы Уалихан Қайсаров 2014 жылғы санкция кезінде ұйымға қатысушы барлық елдердің жағдайының күрт нашарлап кеткенін айтты. Мысалы, доллар эквивалентімен алғанда РФ экономикасы санкциядан бергі 3,5 жыл ішінде – 44, 8 пайызға «отырып қалыпты». Ал Қазақстанның «отырып қалу » көрсеткіші –42,5, Белорусь – 34.8, Армения – алғашқы 2 жылда – 9 пайыз, қырғыздар – 5 пайызға «отырып қалыпты» .
«Дегенмен, қырғыз ағайындардың ұлттық валютасы 10 жылда тұрақты көрсеткішті ұстап тұр. Қырғыз валютасының тұрақтылығына дем беріп тұрған фактор туралы ЕАЭО сарапшылары әлі тұрақты пікірге келген жоқ. Қырғыз жеңіл өнеркәсібі, фэшн индустриясы сыйпатының трансфертті жағы басым болса да валютасының тұрақтылығына дем беріп отыр. Бұл алдағы уақытта біз ескеріп жүретін жайт, себебі шикізат бағасы төмендеп келе жатыр. Бюджетті шикізат бағасына қарап бекітудің заманы өтті. Біз қосымша кіріс көздерін қарастыруымыз керек », –деді Уалихан Қайсаров
Уалихан Қайсаров осы тұста, ЕАЭО жайлы журналистер мен сарапшылар обьективті пікірлерге басымдық беру қажет екенін айтты. Себебі ЕАЭО жайлы біржақты пікір айтудың кезі келген жоқ.
«ЕАЭО бізге керек ұйым ба, жоқ біз онсыз да алға жылжи береміз бе?» деген деген мәселелерді күн тәртібіне жиі шығара беріп, қоғамдық пікірдің оң немесе теріс бағытта қалыптасуына ықпал ету тым ақылды шешім емес екен. Себебі бұл ұйымды жақтаушылардың да, даттаушылардың да өз шындығы бар.
Осы тұста спикер экономикалық одақтың жағымды тұстарын біраз деректермен дәлелдеп өтуге дәті барды. Бұл шикізатты немес технологиялық жабдықты шетке немесе шеттен тасымалдау кезіндегі трансшекаралық алымдардың төмендегені, ШОБ интеграциясы және еңбек миграциясы…
«РФ экономикасы санкциядан бергі 3,5 жыл ішінде 44, 8 пайызға «отырып қалыпты». Ал Қазақстанның «отырып қалу » көрсеткіші 42,5 екенін жоғары айтып өттік. Қазақстан мен РФ көрсеткішінің бір-біріне жақын болуы мұнай бағасының төмендегені және шикізаттық секторға тәуелділік деңгейін төмендетуге бағытталған институциональды реформалардың сәтсіздігі де әсер етуі мүмкін» – дейді Уалихан Қайсаров.
Уалихан Қайсаров ЕАЭО барлық қиындықтырға қарамастан, одаққа аса қажет прогрессивті технологияларды қолданысқа енгізе алғанын айтты.
«Мұның нәтижесін ел көруі қажет. Ол үшін ғылыми негіздерді және білім беруші секторларды дамытуға қаржы бөлінуі тиіс. Мұны ЕАЭО шеңберінде бір мезгілде жүзеге асырса ғана мультипликативті әсері болады» , –деп сөзін түйіндеді Уалихан Қайсаров.
Осы жиынның өтуіне мүдделі болып отырған спикерлердің бірде –бірі ЕАЭО –тың мүше елдерінің институциональды дамуына дем беретін факторларды жілігін шағып тұрып жеткізе алмады. ЕҚДБ –ның осы аптадағы интеграциялық зертеулерінің нәтижесі ЕАЭО-тың мүше елдерін қолдау немесе дем беріп беру факторларының барынша және уақыт өткен сайын азайып келе жатқанын көрсетті. Сол зерттеу қортындысына сүйенсек, РФ тіпті еуразиялық бағытты ұстанбайды екен. Бұл принцип Қырғызстан, сосын Қазақстанда барынша қолдауға ие. «ЕАЭО уақыт өте келе тек Орталық Азия одағы елдеріне айналып, оның қатарын Өзбекстан мен Тәжікстанның толықтыруы мүмкін бе?» деген тілшісінің сауалына спикерлер толыққанды жауап бере алмады.
Бұл мәселе, сарапшы Уалихан Қайсаровтың пайымдауынша, уақыттың еншісіндегі мәселе екен
Жиыннның қортындысы «Ресей рублі АҚШ пен Батыс елдерінің санкциясына төтеп бере ала ма? » деген сұрақты басы ашық күйінде қалдырды. ЕАЭО тағдыры да осы сұрақтың жауабына байланысты болмақ.
Гүлбаршын Сабаева