Home Жаңалықтар Қазақстандықтардың Бахрейнде сексуалдық құлдық туралы іске қатысы бары анықталды

Қазақстандықтардың Бахрейнде сексуалдық құлдық туралы іске қатысы бары анықталды

65

Қазақстандықтардың отандастарын Бахрейнде сексуалдық құлдықта ұстауды ұйымдастыруға қатысы бары анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері айтты.

«Бір апта уақыт бұрын біз Қазақстанның 21 азаматшасын Бахрейнде сексуалдық құлдықтан босаттық. Бахрейннің құқық қорғау органдарының өкілдері мен Сауд Арабиясындағы Қазақстанның елшілігімен бірге босаттық», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың отанына аман-есен оралғанын айта отырып.

Бірақ бұл істің басқа мән-жайы айтылмады.

«Тергеу шаралары жүріп жатыр. Мән-жайын айта алмаймын. Онда басқа да елдердің азаматтарының қатысы бар, Қазақстан ғана емес. Бұл ұйымдасқан үлкен топ», – деді СІМ өкілі.

Алдыңғы жазбаДаниал Ахметовтің қарындасының ұрлануы: Гүлфаз Аубанова оқиғаның мән-жайын айтып берді
Келесі жазбаНью-Йорктегі Barclays Arena жұлдыздар галереясына Димаштың суреті ілінді