Танымал қазақстандық трансплантолог Ғани Құттымұратов адам ағзаларын заңсыз алып отырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Tengrinews.kz .
«Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігінің президенті Нұрлыбек Өсербаевтың баспасөз мәслихатында хабарлағандай, дәрігерге 264-баптың 2-бөлімі, «трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу» және 116-баптың 3-бөлімі, «Адам ағзалары мен тіндерін заңсыз алу» бойынша 2019 жылдың 1 мамырынан бастап қылмыстық іс енгізілді.
Оның сөзінше, тергеу жұмыстарын ІІМ Тергеу комитеті жүргізуде. Қазіргі уақытта Ғани Құттымұратов қамауға алынды. Трансплантолог тергеу изоляторында отырғанына үш ай болған.
Оның айтуынша, 2017 жылы шетелдік компания Құттымұратов бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген ұлттық онкологиялық және трансплантологиялық орталықтың басшылығымен Қазақстанда медициналық туризмді ұйымдастыру үшін тірі донордан бүйрек трансплантациясын жүргізу және осы орталықтың базасында ауыстыруға шетелдік пациенттерді тарту бойынша транспланттау келісімшартын жасайды.
Шартта барлық ұйымдастырушылық, заңдық, қаржылық аспектілер көрсетілген.
Келісім жасалған сәттен бастап орталыққа шетелдік донорлар да, реципиенттер де түсе бастайды.
Бұйрыққа сәйкес, барлық пациенттер этикалық және дәрігерлік комиссиялардан өткен, содан кейін трансплантация жүргізу туралы шешім қабылданған.
Бүйректі ауыстыру бойынша операциялар сәтті жүргізілген. Кейіннен емделушілер қанағаттанарлық жағдайда жазылып, отанына шексіз ризашылықпен кеткен.
Енді Құттымұратов бүйректі ауыстырып салу бойынша жеке–дара ауруханаға жатқызуды, ұйымдастыруды және оперативтік араласуды жүргізді деп айыпталуда. Әрине, ол бөлім меңгерушісі ретінде ауруханаға жатқызуға қатысқан, бірақ ол оны ұйымдастыруы, яғни, пациенттермен келісіп, оларды тауып, олардың арасында қандай да бір келісім жасауы мүмкін емес«, – деді спикер.
Баспасөз конференциясына дәрігердің медициналық көмегіне мұқтаж пациенттер келді. Олар құқық қорғау органдарына тергеу кезінде бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш жасауда.
.