Home Жаңалықтар Помпео: Кубаға қашпақ болған Мадуроны Кремль тоқтатқан

Помпео: Кубаға қашпақ болған Мадуроны Кремль тоқтатқан

32

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео«Венесуэла президенті Николас Мадуро 30 сәуірде Кубаға қашпақ болды» деп мәлімдеді. Помпео бұл туралы америкалық CNN арнасына 1 мамырда берген сұхбатында айтты.

Мемлекеттік хатшының сөзінше, ұшағы ұшуалаңында әуеге көтерілуге дайын тұрған НиколасМадуроны Кремль тоқтатқан. ПомпеоМадуромен Ресей билігінен сөйлескен адамныңатын айтқан жоқ. «Ұшақ Гаванаға қонуы керекеді» деді ол.

Помпео Вашингтонның Венесуэлаоппозициясының лидері Хуан Гуайдонықолдайтынын тағы бір мәрте мәлімдеді.

30 сәуірде Гуайдо Мадуроны биліктен кетіруүшін ел азаматтарын жаппай шеруге шығуғашақырған. Көшеге шыққан оппозицияжақтастары мен үкімет күштерінің тіресішиеленісіп, 50-ден астам адам түрлі жарақатпенКаракастағы ауруханаға жеткізілген. Үкіметсарбаздарының бір бөлігі Гуайдо жағына өткен.

Биыл қаңтарда өзін Венесуэланың уақытшапрезидентімін деп жариялаған Хуан Гуайдоныелуден астам ел Венесуэланың заңды басшысыдеп таныған. Николас Мадуро елдегі дағдарысқаАҚШты айыптайды.

Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттыққауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон«Мадуроның жақтастары оны биліктен кетіружайлы өзара келіссөз жүргізіп жатыр» депхабарлаған.

Мадуроны Ресей мен Қытай бастаған санаулы елқолдайды.

Алдыңғы жазбаТоқаев отандастарын Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады
Келесі жазба«Әміре» фильмі АҚШ фестивалінде екі бірдей жүлде иеленді