Home Жаңалықтар Оспан батыр

Оспан батыр

62

Ұлы даланың ұлы ұлдары жөнінде толғау, жазу оңай емес. Шығысы сонау Тынық мұхиты, батысы Дунай өзені, солтүстік шекарасы Байкал көлі, оңтүстігі Гималай тауларымен шектескен Ұлы даланы мекен еткен көшпелілердің арасында; күлде жатқан елін күнге көтерген, терезесін өзге жұртпен тең еткен, ат сауырынан қан тамшылап, тебінгісінен тер төгіліп, «еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып», түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, бастыны идіріп, тізеліні бүктіріп, елінің бүтіндігі, жерінің тұтастығы үшін еңіреп өткен жалаңтөс батыр ұлдары аз болмаған. Тарыдай шашылып жатқан жұрттың басын біріктіріп, көшпелілердің империясын құра білген «күннен туған, гуннен туған»(Мағжан) әлем тарихында өшпестей аты қалған ғұн Мөде тәңірқұты, Римнен Еуропаны азат етіп, құлдық дәуірді талқандаған Апенин түбегін шаңдатқан ғұн Еділ батыр (Аттила), Түрік қағанатын құрған Білген қаған, Тоныкөк дана, көк түріктің көк семсері атанған Күлтегін, Естемилер, жарты әлемді бауырына басқан Шыңғысхан, қаһарлы Ақсақ Темірлерді ұлы даланың алдаспан ұлдары десек артық емес. Бұл арғы тарих десек, бергісі исі қазақтың басын қосып, ақ туын тігіп, жеке һәм іргелі ел еткен Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар хандарды, өмірін аттың жалында, түйенің қомында өткізіп, «қара қазан, сары баланың» қамы үшін ақ қар, көк мұз жастанып, сүңгісін жауға тіреп өткен Қара Керей Қабанбай сынды мыңдаған жанкешті ұлдарды да бұл жерде ұмытуға болмайды. Мұның өзін өткен тарих дейтін болсақ, кеше ғана Ресей мен Қытай шекара (ХІХ ғасырдың соңы) сызығын жүргізгенде тағдырдың жазмышымен жат елдің қармағында қалып, елінің азаттығы, жерінің тұтастығы үшін алысып, сол жолда құрбан болған Оспан батыр да қазақтың нарқасқа аяулы ұлдарының бірі десек, артық айтпағанымыз. 28 сәуіп  Оспан батырдың атылған  күні. Шекараның арғы бетінде қытайлармен де, моңғолдармен де, кеңестік елдің әскерлерімен де соңынан ерген жұртының амандығы үшін соғысып, илікпей кеткен Оспан батыр кім еді? Әрине, Оспан батыр жөнінде көптеген аңыз-әңгімелер жеткілікті. Оның бәрін тәшпіштеп айтып, жазып жату міндет емес. Тек оны білмейтін жұртқа, ел арасында «Қара Оспан» деген атқа ие болған, сырттағы қазақтың азат өмірі үшін 11 жыл жаумен алысып, түбінде шейіт болған Оспан Сіләмұлының кім болғанын түсіндіре кету. Әрине, қолымызда Оспан батырдың ғұмыры қатталып жазылған өмірбаяны болмағандықтан өзіміздің және алыс-жақын шетел басылымдарында жарық көрген Оспан батыр жөніндегі деректерді алға тарпақпыз. Бұған ешкім ренжи қоймас, өйткені Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы болған, қазақтың аяулы азаматы бәрімізге ортақ болса керек-ті.

«Азаттық» радиосының тілшісі Оспан батырға шетелдік ғалымдардың қалай баға беретіндігі жайында Стамбулдағы Мимар-Синан университетінің профессоры, тарихшы Әбдіуақап Қарамен және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зекенұлымен әңгімелескен еді.

«ҚАЗАҚТЫҢ АЛТЫН АҢЫЗЫ»

Стамбулдағы Мимар-Синан университетінің профессоры, тарихшы Әбдіуақап Қара Америка және Еуропа ғалымдарының Оспан батыр жайындағы еңбектерін былай сабақтады:

– Оспан батыр туралы зерттеулер Қазақстаннан гөрі шетелдерде көбірек жазылды. Әсіресе, Америка мен Англия, Түркия ғалымдары  бұған қатты мүдделілік танытты. Сондай-ақ, бұл көтеріліс туралы деректердің басым көпшілігі шетел архивтерінде сақталғандығы да белгілі болып отыр. Мәселен, Гомиңдаң үкіметінің өкілдері Мао Цзе Дун жеңіске жеткеннен кейін, Тайванға қашқан екен. Сонда мұрағаттағы Шыңжаңға қатысты деректердің біразын ала кетіпті.

Оспан батырды зерттеуге Батыстың назары сонау 1947 жылы ауған екен. Әсіресе, 1947 жылғы Бәйтік Боғда уақиғасынан кейін Қытайдағы американ және ағылшын дипломатиялық баяндамаларында оның аты атала бастаған.

– Ол уақиға туралы таратып айта кетсеңіз?

– Үш аймақшылдардан ат құйрығын кесіскен Оспан батыр 1946 жылы көкек айында Бәйтікке барып орналасты. Бұл жерде Моңғол әскерлерімен шайқасты. Бірақ бұл жағдай Моңғолия мен Советтер одағының алаңдауына негіз болды. 1947 жылы 5 маусымда Советтер одағының қолдауымен 4-5 ұшақ және 500 әскер Оспанға шабуыл жасады. Қытай бұған ресми түрде наразылық білдірді. Бұл мәселе халықаралық дауға айналды.

«Чикаго Дейли Ньюстің» тілшісі Доак Барнетт сол оқиғадан кейін Оспан батырды тауып кездескен. Ол 1947-1949 жылдары арасында Қытайда көріп білгендерін “Коммунистік төңкерістің қарсаңындағы Қытай” атты және 1963 жылы жарық көрген кітабында әңгімелейді. Бұдан кейін Ян Моррисон атты ағылшын журналисі барып кездескен екен. Бұл кісілердің еңбектері кітап болып басылып шыққан.

1956 жылы Оспан батыр туралы алғашқы көлемді еңбек Лондонда жарық көреді. Ол «Kazakh Exodus» яғни «Қазақ босқындары» деген атпен шыққан. Көлемі 200 беттен тұратын бұл кітапта Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жан-жақты баяндалады. 1960 жылы бұл кітап Түркияда түрік тілінде басылады. Онда Оспан батырдың туғанынан, батыр ретінде қалыптасқанына дейін, сондай-ақ, 1951 жылы қолға түсіп, шейіт болғанына дейінгі аралық толық қамтылған. Бұл кітап сол кездегі деректер негізінде жазылды, бірақ соған қарамастан тарихи фактілері жағынан өте құнды кітаптардың бірі. Кейіннен жаңа деректер мен айғақтардың пайда болуына байланысты оның да кемшіліктері барлығы айқындалды.

Бұдан кейінгі тағы бір маңызды еңбек – 1986 жылы шетелде жарық көрген Эндрю Форбестің “Қытай Орталық Азиясындағы сардарлар және мұсылмандар: республикашыл Шынжаңның саяси тарихы 1911-1949” деп аталады.

Ал, келесі деректерді америкалық тарихшы Линда Бенсонның Іле көтерілісі жайындағы еңбектерінен көреміз. Ол 1988 жылы «Шыңжаңдағы этникалық азшылық және қазақтар туралы зерттеулер» атты кітабындағы бір тарауын «Қазақтың алтын аңызы – Оспан батыр» деп атаған. Бұнда да Оспан батырдың ерлігі, қайсарлығы, жасаған жұмысы жан-жақты баяндалған.

Оспан батыр туралы зерттеулердің ең соңғысы 1999 жылы Гонконгта “Совет Одағының көлеңкесіндегі Іле уақиғасы Шыңжаңдағы этникалық қақтығыстар мен халықаралық бақталастықтар 1944 – 1949” деген атпен жарық көрді. Кітап авторы Дейвид Уаң 1979 жылға дейін Шынжаңда тұрған қытай азаматы. Іле көтерілісі туралы қазақ, ұйғыр достарынан көп әңгімелер естігеннен кейін бұл туралы ғылыми зерттеу жасауды армандайды. Қытайда мүмкіндік болмайтынын біліп, Австралияның Тасмания университетіне барып, 1987 жылы докторлық диссертация қорғаған екен. Көлемі 600 беттен тұратын бұл кітапта көптеген деректер талданған.

Демек, Оспан батыр бүкіл әлемді елеңдеткен қазақтың бірден-бір тұлғасы. Алайда, Қазақстанда Оспан батыр туралы зерттеулер әлі тиянақтала қойған жоқ. Ендігі зерттеулер ісі Қазақстанда жалғасса. Сол үшін Оспантануға байланысты арнайы орталық ашылса деген ойдамын.

ТАЙВАНДА ОСПАН БАТЫРДЫ ҰЛТ ҚАҺАРМАНЫ ДЕП ТАНИДЫ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зекенұлы Қытай зерттеулеріндегі деректерге үңілді.

– Оспан батыр туралы деректердің негізі Қытай мұрағаттарында қаттаулы тұр. Оған әзірге ешкімнің тісі бата қояр емес. Сол құжаттардың бір бөлігін кезінде гомиңдаңшылар Қытайға алып кетіп қалған. Ертеректе Тайванда «Шыңжаңдағы 70 жылдық боран» деген кітап шыққан екен. Бұл сол мұрағат деректері негізінде жарық көріпті. Сол кітаптың бір данасы Шыңжаңдағы кітапханада болушы еді. Мен ол кітапты өз көзіммен көріп, оқып шыққан жайым бар.

Қытай мен Тайванда Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісіне екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі – Оспан батырды банды, коммунизмге және ел тұтастығына қарсы адам ретінде бағалайды. Кезінде солай айыптап, ату жазасына бұйырғаны белгілі.

Ал, Тайванда керісінше, олар оның Гоминдандарды жақтағанына орай және Моңғолияның шекарадағы арандату ісіне, Бәйтік оқиғасына байланысты оны отансүйгіш батыр ретінде көрсетеді.

Оспан Сіләмұлы, Оспан батыр (1889-1950) – Қытайдағы Шыңжаң өлкесінде болған ұлтазаттыққозғалыстың басшысы, халық батыры. Алтайаймағының Көктоғай ауданының Өңдіқарақыстағында дүниеге келген.

Ол 1940 жылы Алтай аймағында Шың Шысайүкіметіне қарсы шыққан Көктоғай көтерілісінебелсене қатысқан. Көтерілісшілер жеңілген кездеОспан батыр 1940 жылы Алтай аймағында ШыңШысай үкіметіне қарсы шыққан Көктоғайкөтерілісіне қатысып, ерлігімен ерекше көзгетүскен. Көтерілісшілер жеңілген кезде ол ШыңШысай үкіметімен келісімге келуден бас тартқан.

1941-1943 жылдары Оспан батырдың қол астынақытай өкіметіне қарсы көптеген қазақтар қосылып, қатары көбейеді. КСРО мен Моңғолия өкіметтеріоны Шың Шысай үкіметіне қарсы пайдаланумақсатымен оларға өз көмектерін ұсынған. 1943 жылы Моңғолияның әскери қолбасшысыЧойбалсан мен Кеңес Одағының генералы Поповбастаған топ Оспан батырмен кездесіп, 1000 винтовка, 20 пулемет, қажетті оқдәрі және басқақарулар береді. Оған қоса 2 әскери ұшақ, 200-дейжауынгер беріп, Қытай иелігіндегі Бұлғын бекінісінқайтарып алуға көмектеседі.

1944-1945 жылдары Оспан батыр бастағанкөтерілісшілер Шіңгіл, Көктоғай аудандарынҚытай әскерлерінен босатып, тұтас Алтай аймағыназат еткен. Осы еңбегі үшін Оспан батыр КеңесОдағының көмегімен құрылған Шығыс ТүркістанХалық Республикасының Халық қаһарманыорденімен марапатталған. 1945 жылы ШығысТүркістан Республикасының армиясы құрылып, Оспан батыр басшылық жасайды. Сол жылықыркүйекте Алтай аймағының генералгубернаторы болып тағайындалады. 1949 жылыҚытайдың халықазаттық армиясының бөлігіҮрімжіге кіргендіктен, Шыңжаң қаласында қытайкоммунистері қатаң тәртіп орнатады. Оспан батыржасақтары қытай қоммунистеріне қарсы соғысашып, Алтай округінің астанасыСүрсембеқаласын азат етеді. Округтегі барлық халықтарОспан батырдың қол астына бірігеді.

1949 жылы қазан айында Оспан батыр жасағыҚытай қызыл армиясының үшінші және алтыншыдала армияларына қарсы соғысады. Қытайбилеушілеріне қарсы тоқтаусыз шайқасқан Оспанбатыр ақыры 1950 жылы 19 ақпанда қазіргі Гәнсуөлкесіне қарасты Канамбол тауының Мақай дегенжерінде Қытай қызыл армиясының қолына түсіп, Үрімжі түрмесінде өлім жазасына кесіледі.

Өткен ғасырдың ортасында Қытайдағы Алтайқазақтарын бастап, көтеріліс ұйымдастырған Оспанбатыр Исламұлы туралы соңғы жылдары газетжурналдарда көп жазылды. Бірақ, уақытілгерілеген сайын батырдың өмір жолынабайланысты жаңа деректер табылып жатыр. Әсіресе, мына  фотосуреттер тарихына  қатыстыкөп дүниені айтуға болады.

1940 жылы көтеріліс тізгінін қолына алған (1 сурет) Оспан батыр 1944 жылдың қысында қол астындағыелін бастап Моңғолияға ауып барды. Әрине, екіжақты келісімнің нәтижесінде. Кеңес Одағының басшысы Сталиннің нұсқауымен Оспан батырғабарып, Моңғол елінің басшысы Чойбалсанжолықты (2-сурет). Бұл кездесуді ұйымдастырукезінде КГБ генералы Ланпанг, әскери кеңесшілерГреднев, Пахомов, Кеңес Одағының елшісі Ивановболды.  

Осы жылдың наурыз айында болған бұл тарихикездесу жайында 1995 жылы Моңғолияның беделдібасылымдарының біріАрдын эрхгазетіндебылай деп жазылыпты: “Оспан әскерлеріне көмекретінде 395 винтовка, 200 мың оқ, 30 жеңілпулемет, 6 ауыр пулемет, 45 автомат, 2000 гранатберді. Оспанның жеке өз басына ағылшынавтоматы мен әскери дүрбі сыйлады. Фотосуреткетүсірді (3-сурет). 6 наурыз күні Чойбалсан радиобайланыс арқылы Сталинмен сөйлесіп, Оспанғакезігіп, жақсы қатынас орнатқаны жайындабаяндады…”.  

Содан келесі 1945 жылы Оспан батыр Алтайаймағын азат етті. Бұл іске Моңғолия жағы әскерберіп көмектесті. Қазақстан тарапынан да адамдарбарды. Дәл осыдан кейін Оспан батыр мен КеңесОдағы және Моңғол елі арасында араздықбасталды. Себебі, Сталин мен Чойбалсан Шыңжаңдағы қарсыластарын Оспан арқылыжуасытыпалғаннан соң, енді көтерілісшілеркөсемін тізгіндеу қажет болды. Осы оқиғаның белортасында жүрген, қазір Түркияда тұратын зиялыақсақал Дәлелхан Жаналтай өзініңҚилы заман, қиын күндератты естелік кітабында: “Алтайаймағы азат етілгеннен кейін аймақтық билікорындарына Оспанның келісімінсіз Қазақстанадамдарын әкеліп отырғызды. Олар: аймақорынбасары Әріпбай, хатшысы Өмір, сақшымекеме бастығы Темірхан, үгітнасихат бастығыСадық, тағы басқалар болатын”, – дейді.

Бес жыл ұйқы-күлкі көрмей қан кешіп жүріп жеткен жеңісі бөгденің игілігіне айналып кеткенін аңғарған Оспан батыр әскерін бастап тауға шығып кетеді. Жаңа жаумен соғысуға дайындалды. Осылайша батыр 1946 жылдан бастап Ұлы Отан соғысында шыңдалған, кеңестік арнаулы құрылымдардан жасақталған, бірақ Шығыс Түркістан әскерлерінің формасын киген  әскерлермен, Моңғолияның қарулы күштерімен, коммунистік Қытай сарбаздарымен  қатар соғысты. Сөйтіп, жаңа бір жойқын майдан ашылды.

Бірақ Оспан да қарап қалған жоқ. Бұрынғы жауы қытайлық гоминдан күштерімен одақтасуға ұмтылды. Маоға қарсы тұрған Чан-Кай-Шиды қолдады. Әрі коммунистердің күшеюіне мүдделі емес елдер АҚШ және Ұлыбритания елшіліктерімен байланыста болды.

1948 жылдың тамыз айында Үрімшідегі Америка консулы Пакстонның нұсқауымен полковник Дәлелхан Жанымқанұлы Оспанмен жеке кездесуге барады. Жанында қорғаушылары Мәнен мен Құрманхан дейтін азаматтар бар (4-сурет). Осы кездесуде шет елге өтіп кету жайында сөз болған. Батыр  алғашқыда келіскенімен, артынан бас тартқан. Содан 1950 жылдың соңында Оспанға тағы да жоғарыдағы мәселе бойынша Қалибек қажы Рақымбекұлы өзінің ұлы Хасенді жіберіп  ақылдасады. Осы кездесу жайында Хасен Оралтай “Елім-айлап өткен өмір” атты кітабында: “… батыр өте жұпыны қара қоста өмір сүріп жатыр екен. Мен елден кете алмаймын, деді. Коммунистермен соғысып өлемін…” –  деді, деп жазады (5-сурет).

Ақыры 1951 жылы ақпан айының 1-і күні Қытай әскері Оспанды қолға түсіреді. Батырдың ісін халық соты мен әскери трибунал қатар қарайды. Оған жүздеген адам өлтірді, мыңдаған мал тонады деген айыптар тағылады. Соның ішінде “Америка мен ағылшындардың тыңшысы” болды дейтін жалған айып та бар еді. Оны Оспан мойындамаған. “Мен тыңшылық істеп көмектесетіндей олар менің құдам ба екен. Одақтас болғаным рас. Қазақ үшін сайтанмен де тіл табысуға әзірмін”, – дейтін атақты  сөзін айтқан.

Батырды 1951 жылдың 28 сәуірі күні Үрімшіде атуға алып шықты (6-7 суреттер). Бұл сурет сол кездегі Пекинде шығатын орталық газетке жарияланған екен. Қытай тілінде: “Әр ұлт халықтарының шағымы мен тілегі қабылданды. Банды Оспан мен Ли-йн-Чи 80 мың адам қатысқан халықтың ашық соты алдында атылды”, – деген жазу тұр.  

Оспан батыр атылғаннан кейін де қудалау тоқтаған жоқ. Көп адамдар жазаланды. Бұл үрдіс батырдың ұрпақтарын айналып өтпеді. Үлкен ұлы Шердиман 1973 жылы Құлжа түрмесінде өлді. Екінші баласы Нығметолла  1976 жылы дүниеден өтті. 1928 жылы туып 12 жасында қолына қару алып соғысқа қатысқан кіші ұлы Нәби атамыз (8-сурет) 2002 жылы қайтыс болды. Осы Нәби атамыздың  алты баласы бар. Кенжесі Өркен Нәбиұлы (9-сурет) қазір Түркістандағы  Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің соңғы курсында оқып жүр. Тағы да осы Нәби ақсақалдың екі немересі Салтанат пен Сәния екеуі биыл Түркістанға келіп  оқуға түсті.

Оспан батыр атылғаннан кейін  елі оның мүрдесін үкіметтен сұрап алып Көктоғай ауданының Күрті деген жеріндегі Тамырды қорымына жерлеген.

Дерек көз. Азаттық  радиосы

Алдыңғы жазбаСайлауға қоғамдық бақылау жасайтын азаматтық платформасы құрылды
Келесі жазбаНазарбаев қазақстандықтарды алда келе жатқан сайлауға белсене қатысуға шақырды