Home Жаңалықтар «Инфляцияға дайындалыңдар»

«Инфляцияға дайындалыңдар»

33

Ұлттық Банктің халықтан жасыратын ештеңесі қалмай барады:   Бұл жолы жарты немесе бір жыл емес, алдағы екі –үш жылдағы инфляцияны және оған Ресейдегі санкция себеп боларын ашып айтты.  Ал сарапшылар  экономиканың негізгі индикаторының өсіміне қандай факторлар  себеп болатыны және инфляцяның шекті дәлізі жайлы болжамдарының беталысының  нақтылана бастағанын айтады.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сараптамалық орталығының эксперты Мерей Исабеков  Ұлттық банк 2020 жылға дейінгі инфляцияның деңгейін  4 пайыздық дәлізбен шектеп отырғаны туралы тілге тиек етті. Бірақ, сарапшының пайымдауынша,   сыртқы факторлардың қаншалықты ықпал ететінін алдын-ала болжау қиын екен. « Ұлттық Банкт  қаржылық –несиелік саясатын жүргізгенде белгілі бір бағытты нысанаға алатынына сенеміз», дейді   Мерей Исабеков.
Сарапшының пайымдауынша, біздің ел   сыртқы факторлардың әсеріне төзімді  болу үшін ішкі сұранысты жақсарту және экспортты әртараптандыру, ішкі нарықты ынталандыру есебінен импорт көлемін қысқарту керектігін айтады.  «Инфляцияның  деңгейі баға динамикасына әсер ететіні белгілі. Жақында парламент қабырғасында Ұлттық экономика  министрі мен депутаттар арасында ресми статистика мен дүкен сөрелерінде айырмашылықтар туралы пікірталас болды. Қоғам статистика комитеті берген мәліметтерге сүйенеді. Соңғы кезде Ұлттық Банк, Ұлттық экономика министрі және Статистика комитеті мәліметтері арасында сәйкессіздіктер пайда бола бастады. Бұл нақты жағдайды анықтауға мүмкіндік бермейді »,
дейді Мерей Исабеков.

Ұлттық Банктің инфляция деңгейі туралы хабарламалары   ресми инфляция деңгейінен 0,5, кей жағдайда 1 пайызға дейін жоғары жүреді екен. «Инфляция статистикалық агенттіктің бағалауы емес, тұтыну бағаларының нақты өсуі ретінде түсіндірілуі керек. Ол үшін  ұлттық валютаның бағамын тұрақтандыру  аз. Мемлекет әртүрлі делдалдардың  тәбеттерін  шектеуі керек, олар бөлшек сауда нарықтарында бағаны  билеп-төстеп отыр », –дейді  тәуелсіз сарапшы  Александар Юрин.Осы тұста Алекстандр Юрин,  инфляция жалғаса берсе,   халықтың табысы азаятынын, мұның соңы  банк  санының қысқаруына алып келетінін айтты.   Себебі Ұлттық Банк осыған дейін   коммерциялық банктерге еркін ақшаны ноталар бойынша өте жоғары мөлшерде инвестициялау мүмкіндігін ұсынғаны бегілі.   «Ұлттық банк  ақша-несие  саясатына  өзгерістер енгізу әбден мүмкін. Бұл өзгеріс еркін ақша түріндегі  бағалы қағаздардың  нарықтағы айналымын күрт арттып жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда банктердің  теңгені несие түрінде  беру белсенділігі төмендейді», –дейді Александр Юрин.Сарапшылар Ұлттық Банкте    елдегі инфляцияға әсерін тигізетін белгілі бір тетіктер бар екеніне,  базалық ставканы реттей алатынына сенімді  екенін айтып отыр. Бірақ оны әлемдік қаржы нарығында  аздаған тербелістер байқалған жағдайда ғана қолданған тиімді екенін Ұлттық банк те, Үкіметтің экономикалық блогы де ұмытып кеткен сияқты.   «Инфляцияға дайындалыңдар» деп  қабағын қарс жауып алған Ұлттық Банк  Экономикалық даму министрлігінің кейбір болжамдарын жоққа шығарып отыр. Себебі Экономикалық министрлік осыған дейін инфляция деңгейі бақылауда болады деген ұстанымынан жаңылған емес.  Экономикалық өсімнің индикаторы 2019 жылы 2,6 пайыз болады деп күтіп отырмыз.  2017 жылы бұл көрсеткіш 3,5  болатын.  Бұл халықтың табысына қалай әсер етпек?  «Үкіметтің бақылауы осы жерде керек» дейді сарапшылар. Сарапшылар сыртқы сауда балансындағы қымбат мұнай мен құнсызданған теңге арасындағы айырмашылықтың өзі жұмыс орындарын сақтап қалуға, ШОБ арқылы ішкі нарықты инвестиялауға мүмкіндік беретінін айтып отыр.

Қазақстандық қаржыгер Бейсенбек Зиябеков   Қазақстандағы бюджет тапшылығы мен төлем балансы  тапшылығының қатар келуі қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады. Мұның девальвацияға немесе дефольтқа апарып соғуы әбден мүмкін екен.

1998 жылы мұндай факторлар Аргентина мен   Ресей экономикасында байқалған,  ал қазір Түркия бастан кешіп отыр екен бұл құбылысты.

Қаржыгер мұндай қауіпті Ұлттық Банкте , ұлттық экономика министрлігі де көріп-біліп және түбірінен танып отырғанын айтады. Бірақ мұның шешімін көп күш салмай және терең талдаусыз шеше салуға тырысатыны сарапшыларды алаңдатып отыр.   Бұрын теңгенің кенеттен құнсыздануына Ұлттық Банктің интервенциясы және Ұлттық экономика министрлігінің инфляциялық қатердің ықпалын әлсіретуге бағытталған әрекеттері жол бермей келді.

«Ұлттық экономика министрлігінің инфляция тек теңгеге ғана әсері болады» деген уәжі «менің үйім шеткері орналасқан. Мен желдің өтінен Ұлттық Банк арқылы қорғана аламын » дегенге келеді.  Екі ведомстваға тізе қосып қыймылдайтын кез келді. Ішкі   нарықтың әлсіреп қалмауына екеуі де жауапты» ,–дейді Бейсенбек Зиябеков.

Рауан Ілиясов

Алдыңғы жазбаGGG Мессимен кездесті
Келесі жазбаТүркіменстан: Жұмақтан тозаққа…