Бүгінгі күні баяғы заманда өткен ұлы адамдардың, өз заманының тұлғасы болғандардың, әлем тарихында аты-шулы істерімен қалған жанкешті жандардың түп-тамырын қопарып, тегін түптеп, зерттеп мүмкіндігіне қарай өздеріне қарай тартып, «түп-тамыры біздің ұлттан тараған екен» деген сияқты дау айту тенденциясы жаһанда бел алып келеді.
Оны Француз императоры Бонапорт Наполеон, Бисмарк, Александр Македонский, Шыңғысхан, Ақсақ Темір және тағыда басқалар жөнінде айтылып жатқан пікірлер, талас-тартыстардан байқауға болады. Мәселен Наполеон жайында «ол француз емес, корсикандық. Корсика кезінде тәуелсіз мемлекет болған» деген секілді даулар арада талай ғасыр өтседе тоқталған емес. Сол секілді Бисмарк немесе Александр Македонский жөнінде де осы тектес айтыстар көп. Бүгінгі күні осындай ірі мемлекет қайраткерлерін, ұлы қолбасшыларды әркім өз тегіне тартып, «оның қанында біздің де ұлттың қаны бар. Ол өзгенің емес, біздің мақтанышымыз болуы тиіс» деген дау көбейе түсті. Ол Шыңысханға байланысты біздің қазақы ортада да бар. «Шыңғысханның тегі қазақ, найман, керей» деген әңгімелер тәуелсіздік алғалы айтылып келеді. Бір қарасаң, келтірілген деректер Шыңғысхан қазақ дегендердің айтқандарын растай түсетін сынды. Мұны маңғұлдарда азда болса мойындай бастағандай. Себебі «Шыңғысхан мұңғыл» дегенмен бүгінгі Моңғолия жерінде Ұлы қағанды еске салатын тарихи деректер, мекендер некен-саяқ. Тек соңғы жылдары қалқайтып тұрғызған алып ескеркіштен басқа, туристер көретінде айтулы жерлер жоқ. Осының бәрі Шыңғысхан мұңғылдан шыққанына күмән келтіретін пікірлерге май құя түсетіні белгілі. Сол секілді барлас руынан шыққан атақты жиһангер Ақсақ Темірдің тегі жөнінде де түрлі алып-қашпа әңгімелер айтылып жүргенін білеміз. Әрине мұның бәрі түпкілікті зерттеліп, тексеріліп барып, нақты дәйектермен ғана нүкте қойылатын дүние. Ал әсіре қызыл пікірлер кейде мемлекет арасына сына қағып, дүрдараз қалыпқа жеткізетінін шындық. Демек Ұлы тұлғалар жөнінде айтпас бұрын, осыныда ескеріп алған жөн.
Десек те, әлі күнге Еуропаның дегбірін алып, түрлі тартыстарға пәрмен беріп келе жатқан бір нәрсе ол – Екінші Дүние жүзілік соғыстың басталуына негізгі себепкер болып саналатын һәм сол қанды қасапта 40 миллионнан астам адамның шейіт болуына басты кінәлі болған Адольф Гителердің өмірі. Өмірі деу аз болар, Гитлердің түп-тамыры қайдан тарау алады, арғы тегі кім деген мәселе. Бұған жанама ретінде «1945 жылы 30 сәуір күні Гителер у шайнап, әрі өзін-өзі атып өлтірді» деген деректің ешқандай негізсіз екенін, оның кешегі 70-ші жылдарға дейін Латын Америкасында тайран салып, өмір сүргенін растайтын түрлі болжамдар, бұлтартпас айғақтар айтылып келді. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін тап басу айту қиын. Бірақ жақында Бельгияның «Knack» деген белгілі журналы және оның соңынан көптеген еуропалық басылымдар Гитлердің тегі жөнінде жаңа бір сенсациялық материалдар жариялады. Олардың жерден жеті қоян тапқандай жаһанға жар салып, жарыс жазуларына қарағанда Гитлердің арғы тегі жебірейлер мен негрлер екен. Міне қызық! Немістердің жағасын ұстап таңқалатындай деректі алға тартқандар, Гитлердің түр-тамыры аталмыш жұрттардан екенін дәлелдейтін айғақтар келтірген. Ғалымдар Гитлердің бүгінгі қалған туыстарының (39 туысы) сілекейлерін алып зерттеу жасап, олардың ДНК-ларын анықтаған.
Ал зерттеудің қортындысы Гитлерде және оның туыс, үрім-бұтақтарының қанының құрамында да Haplopgroup E1b1b (Y-ДНК) сынды сирек хромосондар бар екені анықталған. Бұл немістерден гөрі Африканы мекен еткен (негізінен Марокко, Алжир, Ливия және Тунис республикалары) бербер тайпасының адамдарының қанында жиі кездесетін жайт екен. Сондай-ақ мұндай ДНК жебірейлердің ашкеназс және сефардс құрамдарында көптеп кездесетін көрінеді. Ғалымдардың зерттеуін алға тартқан Knack журналы Гитлердің тамырларында негр мен жебірейдің қаны қатар тулап жатты дегенді айтады. Кім білсін, бүгінгі техниканың жетілген заманында (Осындай зерттеуді Шыңғысханның бүгінге жеткен үрім-бұтағынада жасап көрсе ғой. Талай даудың беті айқындалар еді-ау) «жоқ олай болуы мүмкін емес» деп айтудың өзі қараңғылықтың белгісі болмақ. Зерттеуді ғалымдар белгілі журналист Жан Пол Мюльдер және тарихшы Марк Верминердің бақылауымен жүргізген. Сарапшылар Гитерлердің түп тамыры Африка және Шығыс Еуропадағы славияндардан бастау алатыннын нақтылаған. Бір қызығы Гитлер жебірейлерді де, славияндарды да ұнатпаған, һәм жер бетінен жойып жіберуге күш салған. Дегенмен бұл зерттеуге дейін де Гителердің арғы тегі жебірей екендігі талай мәрте айтылып келген. Бұған фюрердің әкесі Алоис банкир жебірейдің баласы болғандығын алға тартылған. Бірақ ол айтылғандардың барлығы ешқандай айғақты дерек-дәйекке сүйенілмеген еді.
Ал осы бір сенсациялық ашылымнан кейін, жаңа бір дау пайда болары сөзсіз. «Егрде өзінің түбі жебірейден тарайтынын білсе Гитлер қандай күйде болар еді.. Кім білсін, жер бетінде таза қанды асыл бекзат-арийлер тек немістер деп қана ойлаған Гитлер алты миллион жебірейді құртқанына қуанар ма еді, әлде күйінер ме еді? Дөп басып айту қиын. Әйтеуір өзінің жебірей екеніне қуана қоймасы анық» дейді Гитлердің туыстарының сілекейлеріне зерттеу жүргізген Ронни Декорт. Жалпы Гитлердің өмір баяны жөнінде соңғы кезде бұрындары айтылмай келген я болмаса білінбей келген көптеген тың деректер табыла бастады. Соның бірі британдық тарихшы Томас Вебер тапқан Гитлердің Бірінші Дүние жүзілік соғысы кезінде ешқандай ерлік жасамағаны жөніндегі дерек. Оның келтіргеніне қарағанда соғыс кезінде Гитлер тылда тек байланысшы қызметін атқарған. Өте әлжуаз, боркемік, тіпті консервіні пышақпен дұрыс ашалмайтын (бұны жазғанда Вебер қаншылықты шындыққа сүйенгенін кім білсін. Әлсіз-әлжуаз адам Германияны басқарып, жарты әлемді жаулап аламын деп соғыс ашпаған болар еді) әлсіз болған. Содан болар сарбаздар арасында оны кемсітушілер көп еді. Бос уақыттарында солдаттар ішіп, ән айтып, туғандарына хат жазып жатқанда Гитлер саяси кітаптар оқып, шимайлап сурет салып отырады екен деп жазады Вебер. Содан болар оны солдаттар «суретші» деп атап кетіпті. Бір қызығы өзінің «Майн Кампф» деген жазбаларында Гитлер өзін Бірінші Дүние жүзілік соғыста жақсы жағынан көрсеткенін, сол үшін талай мәрте дәрежесі жоғары орден-медальдар алғанын, өзі қызмет еткен полктың қаһарманы болғанын көрсеткен. Бұл жерде тек бір ғана нәрсе айтуға болар, Гитлердің жақсы суретші болғандығы жөнінде. Ол тек бозбала шағында тек сурет салып қойған жоқ. Өлең жазды, ән шығарды, пьеалар жазды. Театр, көпір және тұрғын үйлердің жобаларын сызуменде айналысты. Жалпы Гитлердің тек әскери дарынын ғана емес, осындай өнерге, әдебиетке жақын жүргендігінде бүгінде бағалай бастағандар көп. Егерде өзі армандағандай ол тек сурет салумен айналысып кеткенде бәлки дүниенің төрт бұрышын әскермен емес, салған суреттермен –ақ жаулап алар ма еді. Әрі адамзаттың есінде қан-құйлы басқыншы емес, үлкен суретші ретінде қалар ма еді, кім білген. Бірақ етікшінің баласы болған Гитлер басқа жолды таңдады. Жұмыр жерді Ұлы Германияның табанына салып илегісі келді. Бірақ ол болмады… Солай бола тұрсада, бүгінгі күні «Гитлердің қанында біздің қан бар» деп тартысып жүрген топтардың әңгімесінің арқауына айналды.
Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ