Home Жаңалықтар Біз тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет мүлдем жаңа тұлғаларды сайлауға ниеттеніп отырмыз

Біз тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет мүлдем жаңа тұлғаларды сайлауға ниеттеніп отырмыз

58

Қазақстанның PR саласының мамандары Алматыда алыс-жақын елдердегі әріптестерін шақырып, «сағаттарын бір теңестіріп алуды » дәстүрге айналдырғанына биыл 15 жыл.

Биылғы форумның температурасын қыздырып жіберген фактор –  президенттікке  үміткерлердің кешегі өткен дебаты болды.     Форумның спикері Қарлығаш Еженова бұған бір ауыздан қазақстандық демократияның ешкімге ұқсамайтын «ноу-хоуы» деп баға берді. Оның пайымдауынша, президентікке үміткерлердің өкілдерінің «кепілдеме» арқылы теледебатқа қатыса беруіне тек біздің ел ғана мүмкіндік бере алады екен.

«Сайлаудың нәтижесінің қандай болатыны белгілі. Екінші және үшінші кандидаттардың алдағы парламент сайлауында депутаттық орынды көздеп отырғаны да сезіліп қалды: Енді көпшілікті сайлаудың өту барысы емес, сайлаудан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдай қызықтырып жүр», -дейді Қарлығаш Еженова.

Қарлығаш Еженованың пайымдауынша, сайлау алды дайындықтар әлеуметтік желінің қазақ тілді сегментінің барлық мүмкіндігін танытып жібергенге ұқсайды.

«Ондағы  пікірлердің басым көпшілігі  тереңдігі және саяси, экономикалық астары жағынан кейбір  үміткерлердің сайлау алды бағдарламаларынан көш бойы озық тұр. Бұл сайлау әлеуметтік желілердің саяси белсенділігін көтеріп жібергенін көрдік », -деп сөзін түйіндеді   Қарлығаш Еженова.

Бұл пікірді саясаттанушы Досым Сәтпаев та қостап шықты. Ол  үміткерлер арасындағы  саяси дебатты бастан аяқ көріп шықса да түк жаңалық таппапты. «БАҚ жеті самурайдың теледебатын күтті: Нәтижесінде олар жеті гномға көбірек ұқсап кетті. Үміткерлер өздерін-өздері қоршап қойған шеңберден әрі асып кете алмайды. Тіпті оның телеарнаға койылған уақытының өзі адамға күлкі туғызады: Экономикалық белсенді топ жұмыста: адамдар  жұмыста» , -деп сөзін түйіндеді Досым Сәтпаев.

Келесі спикер Айдос Сарым Досым Сәтпаевтың пікірін ішінара қолдайтынын байқатты. Теледебат кезінде үміткерлердің президенттік кресло емес, мүлдем басқа мақсатты көздеп шыққанын аңғартып қойыпты. Оларды президенттік  сайлау емес, алдағы парламенттік сайлау көбірек қызықтыратын сияқты.

«Бірақ дебаттың болғанының өзі прогрес. Сондықтан алдағы сайлауларда мұндай дебаттар қалыпты дәстүрге айналады», -деп сөзін түйіндеді Айдос Сарым.

Әлеуметтанушы Гүлмира Исаева да кешегі өткен дебат үлкен өзгерістердің басы болады деп үміттеніп қалатынын айтты. Себебі өтпей қалғанынан , өтпеді деп арманда қалғанынан өткенінің өзі жеңіс екен.

«Біз тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет мүлдем жаңа тұлғаларды сайлауға ниеттеніп отырмыз. Бірақ коммуникацияның соңғы мүмкіндіктерін соншалықты тиімді пайдала алмадық.     Теледебат біткен соң оны «қанша адам көрді, қаншасы бастан аяқ көрді, қанша пайызы бастан –аяқ көріп шықты» деген деректер сайлау алды электораттың көңіл –күйін танытады. Бірақ біз мұндай деректерді жариялауға соншалықты ниет танытып отырған жоқпыз. Сайлауға электорат енжар келді. Олар белсенді емес», -деді Гүлмира Илеуова.

PR форумның келесі сессиясы «Қазақстан блог саласындағы «Тақтар талас: әлеуметтік желінің темір тағына кім отырады?  » деген мәселені талқылады. Бұл сессия инфлюенсер –маркетингтегі халықаралық трендттер және оның Қазақстан нарығына ықпалы туралы сөз етті. Ресейлік Ketchum Russia агенттігінің өкілі Анна Рогожина  бұл мәселенің тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де өзекті екенін айтты. Қазір көрші елде де дәстүрлі медиа мен әлеуметтік желілер арасындағы мылтықсыз майданның ең шырқау шегіне көтеріліпті.

«Өкінішке орай дәстүрлі медиа ақпарат ағынына ілесе алмай жатыр.   Әлеуметтік желілер ақпараттың алдын орай, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра бастады» , -деп атап өтті.

Сондай-ақ Анна  Рогожина әлеуметтік желілердің өзінің даму кезеңінің екінші сатысына көтерілгенін айтты. Қазір оқырман әлеуметтік жіледе отырған тұлғанын жазылушыларының көптігі немесе оның суреттерінің қызыл-жасылдығына емес, ондағы айтылған пікірлердің құндылығына басымдық бере бастапты.

«Әлеуметтік желілер осы қарқынмен жүре берсе, алдағы уақытта олардың арасынан медиа –магнаттардың шығып қалуы әбден мүмкін » деп айтты Анна Рогожина.

Қазір жарнама дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік желілерге қарай ойыса бастағаны жаңалық емес. Мысалы, желі магнаттары деген ұғым бізге де жетті.  БАҚ беттерінде жазылушылары бірнеше миллионнан асып кеткен кейбір жұлдыздар өздерінің аккуанттарымен ақ сай сайын миллиондаған теңге қаржы табатынын ашып айтып жатыр. Қазақстандық  блогер Ануар Ақуов блогерлер күні бүгінге дейін өзінің әлемімен өмір сүріп келгенін, олар әрбір лайққа қуанып өмір сүріп келгенін айтып өтті. Бірақ бұл кешегі жағдай екен. Ал қазір блогерлер құны қымбат жарнама мен құны арзан, бірақ жұрт бренд деп танитын жарнама қатар келсе, екіншісіне басымдық беретінін айтты.

«Қазір блогерлер дәстүрлі БАҚ пен телеарналардан аудиторияны тартып алды: Біз әрбір блогердің бейне ролик арқылы тікілей эфирге шығуға мүмкіндік барын байқап жүрміз. Кейбір БАҚ ақпаратты бейне көріністермен беруге көшті.      Ресми билік әлеуметтік желілердің мүмкіндігін кеш таныды. Қазір әлеуметтік желілер билік пен қоғам арасындағы алтын көпір міндетін өз мойнына алды: бұл үрдіс жалғаса берсе, алдағы уақытта телеарналардың қажеттілігі болмай қалады: Себебі біз сұрау салған адамдардың 70 пайызы ресми билік өкілдерінің БАҚ –тағы сөзі емес, қарапайым адамдардың айтқанына көбірек сенеді. Бұл блогерлердің қолындағы қару» , -деп атап өтті ол.

Қазір әлеуметтік желілер, блогерлер де өздерінің қалыптасу кезеңдерін бастан кешіп жатыр екен.

Қазір қоғам саясиланып бара жатыр. Олар кез келген ақпаратты бұрынғыдай жұта бермейді. Сондықтан, блогерлер алдағы уақытта қауымдастық құрып, өздерінің беталыстарын айқындап алуы тиіс. Биліктің әлеуметтік желіге деген ықыласы оларға армандауға да қорқып келген жақсы мүмкіндіктерге жол ашып тұр. Біз президенттерге емес, әкімдерге де  әлеуметтік желі бойынша ақыл –кеңес беретін кеңесшілердің керек бола бастағанын көріп жүрміз. Бұлай жалғаса берсе, олардың рейтингі агенттіктердің емес, әлеуметтік желілер арқылы айқындалатын болады»   -дейді Ануар Ақуов.

Алдыңғы жазба«АЛЖИР» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті
Келесі жазбаМарк Цукерберг Facebook төрағалығынан кете ме?