Өзінің білмейтінін білмеу, сонымен қатар білмейтіндігін жоққа шығарып, бәрін білемін деу – надандықтың ең асқынған түрі. Бұл туралы «Әсіресе олар ұлы істерде қауіпті», – деген екен Сократ. Ұлы xалық болу үшін өз ішіміздегі надандыққа бет бұрып, адалдықтан ада қалған адамдарды тани білуіміз керек.
Ондай адам өзінің білімсіздігін іштей сезінгендіктен, кәсібилігіне күмән келтіргендіктен, өзіне және ісіне деген сенімділіктен айрылған. Сондықтан, олар әділетсіздік пен арамдық арқылы жалған сенімділікке ие болып, арсыз жолмен жүруге тырысады, қатыгез және арам пиғылды әрекеттерге жақын болады. Сол себепті де олар тәкаппар, өзімшіл, арам ойлы, айлакер, мақтаншақ болып келеді. «Тектімін» деп кеуде ұрып мақтанып, дүние-мүлікті шашу ғана қолдарынан келеді.
Ал саясаттағы осындай ұлтты бөліп-жаратындар мен уәдесінде тұрмайтындар – еш құндылығы жоқ тұлғасымақтар. Олар тіпті өздерінің білместігін де білмейді, барлығын білетіндей кейіп танытып, заң соғады. Дәл осы өзінің білмейтінін білмеу – надандықтың өршіген әрі қиын түрі.
Ұлы бабаларымыз сондай адамдарды өз іштерінен ажыратып, тани білген. Сонымен қатар, ондай адамдарды еш уақытта ел басқаруға жақындатпаған, биліктен алшақ ұстаған. Бүгінгі күні ақшаның, дүниенің күші барлық құндылықтан жоғары тұр. Қазіргі заманда түрлі жолдармен дүние-мүлікке аз уақыт ішінде қол жеткізіп, билікте де өзінің орнын тауып жүргендердің саны едәуір өсті, олар xалық арасында жайылған індет секілді күннен-күнге көбейіп келеді. Ал бұл – өз кезегінде xалықтың басына қара бұлт секілді төнген үлкен қауіп.
Ақты – ақ деп, қараны – қара деп бағалай алатын ұлт болған кезде ғана нададындықты ажырата алатын заман келеді.
Ал сіздер қалай ойлайсыздар?