Бірінші тоқсан қорытындысы бойыншаНұр-Сұлтанда негізгі капиталға салынғанинвестициялар жартыға дейін төмендеді. Жұмылдырылған қаражат көлемібойынша елорда республика өңірлерініңарасында тоғызыншы орында. Ал жалпыел бойынша салымдар 11,1%-ға өскен.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардыңазайғаны туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтановмәлімдеді. Премьер-министр Асқар Маминніңсұрағына жауап бере отырып, Нұр-Сұлтанбасшысы қалада ауқымды іс-шаралар өткізбесе, онда оған салымдарды да күтудің қажеті жоқекенін іс жүзінде мойындады.
«Бізде инвестициялар құрылыстағыкөрсеткіштердің 43%-ға төмендеуі есебінен екіесеге азайды.
Өткен жылы ірі жобалар аяқталды, оныңішінде халықаралық қаржы орталығын(АХҚО) жасақтау үшін ЭКСПО павильондарын қайта құруға 20 млн теңге бөлінді
Биыл мұндай ірі жобалар жоқ. Соңғы екі жылдақалада 12 ірі нысан пайдалануға берілді, ал биылтек төрт ірі жоба жүзеге асырылуда», — деп атапөтті Сұлтанов.
Сонымен қатар, инвестициялар көлеміне AstanaLRT құрылысын тоқтата тұру да әсер етті. Жерүсті метросының құрылысын 2020 жылдыңжазында аяқтау жоспарланған. Жалпы, жер үстікөлігінің жобасына 18 станция, 19 жылжымалықұрам мен Астана халықаралық әуежайыауданында орналасқан депо кіруі тиіс.
Алайда, жобаны кейінгі шегерілді. Соныменқатар, Сұлтанов атап өткендей, әкімдік үкіметжәне Ұлттық банкпен бірге инвестициялықжобалар бойынша қаржыландыру мәселелерінпысықтауда.
Көшбасшыдан ортаншыға
ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Нұр-Сұлтандағы негізгі капиталға салынғанинвестиция 79,4 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың бірінші тоқсанында 151,7 млрд теңгеболған еді. Жалпы — 47,6% төмендеген.
Бір жыл бұрын елорда тек Атырау және ОңтүстікҚазақстан облыстарына жол беріп, жұмылдырылған қаражат көлемі бойыншаҚазақстанда үшінші орында болды. Қазір Нұр-Сұлтан тек 9 орында. Елордаға қарағанда көпақша мына қалаларға салынады:
• Атырау облысы (1 трлн теңге)
• Алматы (131 млрд)
• Қарағанды облысы (109,8 млрд)
• Шығыс Қазақстан облысы (101,3 млрд)
• Батыс Қазақстан облысы (91,9 млрд)
• Алматы облысы (86,1 млрд)
• Қызылорда облысы (84 млрд)
• Маңғыстау облысы (81,1 млрд)
ОҚО-на инвестициялар үш есе төмендеді
Алайда, Нұр-Сұлтан — инвестициясытөмендеген жалғыз аймақ емес. Ақмола облысыда осы қатарда (-3,2 млрд теңге немесе 7,9%). Алайда, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысынажұмылдырылған қаражат көлемі айтарлықтайқатты қысқарды. 2018 жылдың қаңтар-наурызында ол 207,3 млрд теңгені құрады.
Ал ең үлкен өсім Атырау облысы. Қазақстанныңбасты мұнай аймағы жұмылдырылғанинвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді.
2019 жылдың бірінші тоқсанында бұлжерге 1 трлн теңгеден астам инвестиция құйылды – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен22,1%-ға артық
Облыс Қазақстан бойынша барлықинвестициялардың 47,3%-ын қамтамасыз етеді. Бір жыл бұрын 43,1% болған — барлық алып-қашпа әңгімелерге қарамастан, республика мұнаймен пайда табудан бас тартуға әліасықпайтынының тағы бір мысалы.
Шикізатқа ақша
Мұнай (басқа да пайдалы қазбалармен қатар) инвестициялар үшін басты магнит болып қалады. Жалпы тоқсан ішінде тау-кен өнеркәсібіне 1,2 трлн теңге инвестицияланды. Бұл өткен жылдыңұқсас кезеңімен салыстырғанда үштен біргеартық. Инвестициялардың жалпы көлеміндегісектордың үлесі 56%-дан асты. Бір жыл бұрынкөрсеткіш айтарлықтай қарапайым болды – 47%.
2019 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібінесалынған инвестициялар 150,6 млрд теңгеніқұрап, бір жыл ішінде 44,5%-ға азайды. Осылайша,
республикада қосымша құны бар тауарлар өндірісіне қарағанда пайдалықазбаларды өндіруге 8 есе көп қаражатсалынады
2018 жылдың қаңтар-наурызында айырмашылықтек 3 есе болды. Шикізаттық тәуелділікті жоюүшін жағдай дәл керісінше болуы қажет.
Жалпы, бірінші тоқсанның қорытындысыбойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 2 трлн 126,3 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылғықаңтар-наурыз көрсеткішінен 11,1% артық.