Дүние тарихында һәм Ұлы дала тарихында жауға шапқандағы ерлігімен, сарабдал қолбасылығымен, ел басқаруда ақылдылығы және сұңғылалығымен аты қалған үш -ақ адам бар. Олар – еуропа жылнамаларында аты-жөні, шыққан тегі, үтір нүктесіне дейін қалдырылмай жазылған Батыстың ірілі-уақты қолбасшылары емес, тіпті қос мүйізді Ескендір Зұлқарнайын да (Александр Македонский) емес. Олар –Ұлы дала тарихын жасаған гұн Мөде, түрік қағанатының керегесін кеңейткен атақты Естеміс және мұқым Еуропаны құлдық дәуірден азат етуші гұн Аттила. Бұл үшеуінің аты дүние тарихында ерекше аталады. Бірақ бұл жеке әңгіме. Біздің тілге тиек еткелі отырған тақырыбымыз атақты Аттиланың қазынасы жөнінде болмақ. Ұлы гұн қолбасшысының қазынасы қайда жасырылған? Табылды ма? Табылса қай маңнан? Әңгіменің өзегі осы болмақ.
Әңгімені бастамас бұрын аз-кем тарихтан гұндар кімдер және батыс Аттила деп атаған, өзге жұрт Әтиль деген, ал қазақ халқы Еділ батыр деп мадақтаған ұлы гұн қолбасшысы туралы тоқтала кетелік. Гұн немесе хұнулар деп аталатын дала тайпалары тарих сахнасына біздің дәуірімізге дейінгі үшінші-төртінші ғасырларда шыққаны белгілі. Ұлы Мөденің арқасында хұнулар ел болып бірікті, жүз есе күшті Қытайдың өзі олармен санасты, жыл сайын түрлі сыйлықтар жасап тұрды. Бірақ Ұлы Мөде дүниеден өтісімен бірте-бірте хұндар қаққа жарылып Солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Біздің дәуірімізге дейінгі 55 жылы оңтүстіктер Қытайға бағынса, солтүстіктер қазіргі Алтай, Тарбағатай тауларын мекендеді. 434 жылы гұндар Дунайға дейін жетті. Жолындағысын бәрін басып алды, өзіне қаратты. Қаһарлы дала имприясына айналды. Оған ешкім қарсы келе алмады. Бас сауғалай қашты, қарсы келгені жеңілді, дәргейін қабылдады. Қойнындағы қатынын, өрімдей сұлу қыздарын Ұлы қағанның астына салып берді. Сүйтіп бас амандығын ойлады. Оларды батыс жұрты «сайын дала жабайылары» деп атады. Алайда арыстандай ақырған империяның ақылды басшысы Рухила 445 жылы қайтыс болған соң, одан қалған Бледа мен Аттила билікті бөлісе алмады. Ақыры Аттила Бледаны өлтіріп, таққа отырды. Ай тұтылған түнде Соғыс құдайының жеңіс семсерін тауып алған Аттила тұтас Еуропа тарихына өзгеріс жасады. Жолындағысын тас-талқан еткен ұлы қолбасшы Римге бір емес бірнеше рет қанды жорық ұйымдастырды. Ал ол тұста Рим мұқым Еуропаның қожасы еді. Кәрі құрлықтағы барлық тайпа-ұлыстар Рим императорларының ашса алақанында, жұмса жұдырығында болды. Ал Аттила сол құлдық бұғауда отырған Еуропаны Римнен азат етті. Содан болар батыс Аттиланы азат етуші батыр ретінде таниды. Қаншама эпостық жыр, шығармалар, өлеңдер арналды. Кейінен ондаған көркем және деректі фильмдер түсірілді. Бұл Ұлы гұн қолбасшысының аты мәңгі өшпейтінін көрсетсе керек-ті. 451 жылғы 21 маусымындағы атақты Каталаун шайқасында мызғымас Римннің шаңырағы шайқалды, керегесі сөгілді. Аттила жеңіс тойын тойлады. Сол қырғында екі жақтан 160 мың жауынгер майдан даласында қаза тапты. Еуропа құлдық дәуірден азат болды. Бірақ араға бірер жыл салып тағы бір рет Римге шабуыл жасаған Аттила ойда жоқта қазаға ұшырады. Оның қазасы жөнінде түрлі болжам бар. Оның бәрін жіпке тізіп берудің қажеті шамалы.
Ең бастысы ұлы қолбасшыны үш қабатты яғни алтын, күміс және темірден соғылған табытпен жерлеуі. Және оны өзен арнасының табанына жерленген деген аңыз бар. Ол қай өзен? Еншкім нақты айта алмайды. Бірі Дунай, екіншісі Волга дегенді айтады. Иә, Аттилланың тарихтағы орны осындай. Ал оның жаугершілік заманда, өзге мемлекеттерден тартып алып, өзінің өлерінен біраз бұрын жасырып кеткен қазынасы жөнідегі аңыз өте көп. Аттилланың қазынасы қайда? Және оның қазынасы өзінен кейінгі ұлы жиһангер Шыңғысханның қазынасынан еш кем болмағаны белгілі. Тарихшылар солай дейді. Өйткені Қара теңізден Римге дейін аралықта жатқан елдерді шапқаннан жинаған қазынасы аз болмауы тиіс. Оның баға жетпес қазынасы өзінің соңғы тоқтаған жері әрі резиденциясы болған Бибионе қаласында деген болжам айтылады. Бұл қала Адриатика теңізінің жағасында орналасқан. Бірақ бұл қаланы кейінен теңіз суы көтеріле келе басып қалғанға ұқсайды. Ол қаланың орнын табу бүгінгі археолог-сүңгуірлердің арманы екені белгілі. Өйткені мол байлықтың үстінен түсу бар да, атақты Аттиланың қазынасын тапқан адам ретінде тарихта ену тағы бар. Профессор һәм археолог Фонтани ол қаланың орны қайда ораласқанын нақты анықтай білген жан. Ол гұндардың Батысқа жасаған жорық жолдарын зерттей отырып, тарих үшін аса қажет олжаның үстінен түскен. Ұлы қолбасшының сарбаздарының жүріп өткен жолдарының бірі Венеция шығанағына барып тірелген. Сұрастыра келе профессор жағалаудағы шағын елдімекен халқы үй салу үшін, қажетті құралдарды алыстан іздемейтініне көз жеткізген. Өйткені елдімекен халқы теңіз түбіне сүңгіп, әр түрлі пішіндегі тас кірпіштерді алып, шығып баспананы тұрғыза беретін болса керек. Ал балықшылар профессорға талай мәрте ауға түрлі монеттер, әшекей заттар ілінгенін жырғып айтқан. Фонтани балықшылар берген жәдігерлерді зертей келе ол біздің жыл санауымыздағы төртінші- бесінші ғасырға жататынын анықтаған. Бұл сол Аттила шапқыншылығы кезбен тұспа-тұс. Фонтани аквалангистер тобын шақырып, теңіз түбін кең түрде барлаған. Олар қираған қала орнын тапқан. Су астынан өткеннен сыр шертетін қанша ма, жәдігерлер, құрал-заттар, бұйымдар тапқан. Тіпті арасында көшпелілер пайдаланылған заттарда кедескен көрінеді. Осының бәрін зерттей келе профессор бұл қала Аттиланың резиденциясы болған Бибион болуы мүмкін деген болжам айтқан. Бірақ нақты емес. Сол-ақ екен көмбе іздеушілер Аттиланың баға жетпес қазынасын іздеу үшін осы маңға лап қойған көрінеді. Бірақ осы күнге дейін Ұлы гұн қолбасшысының қазынасын таптық деген жан болған емес. Соған қарағанда қазына ол жер емес, бас маңда болуы мүмкін. Аттиланың қазынасын іздеуден орыстарда қалыс қалар емес. Өйткені ұлы қолбасшы Қара теңіз жағлауынан аттанғаны тарихтан белгілі. Тіпті жаулап алудан қолы босаған кезде осы теңіз жағалауына шатырын тігіп, жылдап демалып, алдағы жорықтарын жоспарлар жататыны тағы бар. Осы мәселе орыс зерттеушілерін Аттиланың тарихын, қазынасын іздеуге басты себепші болуда. Рас, орыс жерінде көне тайпа көсемдерінің жерленген молалары жетерлік. Солардың зертелгені жиырма шақты. Молалардан ескі заман бұйымдарымен бірге шіруден аман қалған адам сүйектірде табылған. Кейбірінің табыты алтын-күміспен апталған. Қару-жарағы да асыл темірден жасалған. Бірақ әзірге «мынау Аттиланың денесі, мынау оның қазынасы» деп жаһанға жария болған ештеңе жоқ. Тек жалпақ дүниені гұндардың Батысқа жасаған жорықтарда қолға түсіріп не болмаса тартып алған мол қазынасы жөніндегі аңыз тыныш таптырар емес. Расында Ұлы қолбасшы Аттиланың қазынасы қайда екен?