Home Жаңалықтар Тектіден тұяқ қалмауының сыры неде?

Тектіден тұяқ қалмауының сыры неде?

53

Антрополог-ғалым Оразақ Смағұлдың «қазақ генофондын зерттейтін орталық керек» деп жүргеніне біраз болды.

Ғалымның айтуынша Неолит дәурінде Қазақстанның оңтүстігінде еуропа нәсілдес адамдар өмір сүріпті.

Бірақ олардың қазіргі еуропалықтарға қатысы жоқ. VII-VI ғасырларда азиялық келбеттегі адамдар пайда бола бастаған. Ал III-V ғасырларда мұнда тұрған халықтың 25 пайызы моңғол типтес. Моңғол шапқыншылығы басталған кезде олардың үлесі тағы 20 пайызға артқан.

Ғалымдар адамзат тұқымына данышпандықтың қодын енгізу үшін әртүрлі айла-тәсілге жүгінген. Мұндай әрекеттің басым көпшілігі ХХ ғасырда жасалыпты. «Сингапур кереметінің сәулетшісі» Ли Куан Ю әр сала бойынша ең дарынды деген жоғарғы сыныптың ұл-қызын лагерьге жинап, ұлттың генофондын жақсартуга әрекеттенген. Бірақ    бұл әлемдік қауымдастық тарапынан сынға ұшырапты. Америкалық генетик-ғалым Роберт Грекхэмнің зертханасына жиналған 70 пайыз донордың ұрығынан «Нобель» сыйлығының иегерлері шыққан. Мұнан кейін ол жер бетіндегі ең кемеңгер деген ұлы адамдардың шәуетімен данышпан ұрпақ сүйгісі келетін әйелдерді жасанды жолмен ұрықтандыруға кіріскен. Он тоғыз жыл ішінде осындай тәсілмен 200 нәресте дүниеге келіпті. Бірақ олардың бойынан тектіліктің де, данышпандықтың да белгісі байқалмаған. Ісінің нәтиже бермегенінен көңілі қалған ғалым сұлулық пен тектілікті жасанды жолмен қалыптастыруға болмайтынына мойынсұныпты.

«Ұлыларда неге ұл болмайды?»деген сауалдың астары әзірге мистикаға көбірек ұқсайды. .Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» романында Олжабай батырдың көз жұмар алдында Абылай ханға: «Атадан жалғыз едім. Жалғыздық жеті ұрпағыма дейін жалғасады. Жетінші ұрпағымда менің тегім үзіледі» дегенін келтіреді. Жетінші ұрпағы – Олжас Сүлейменовте ұл жоқ. Ақынның азан шақырып қойған есімін бабасының құрметіне Олжабай деп қойғанын, анасы Фатиманың еркелетіп Олжас деп атағанын екінің бірі біле бермейді.Мұны ақын 2009 жылы бізбен әңгімесінде айтқан болатын.

Өзипа Жатқанбаева АҚШ генетигі Роберт Грекхэмнің зерттеулерінде гендегі ерекше құбылыстың осылай аталатынын айтады.

– Грекхэмге сенсек, гендегі жұлдызды жасуша – адамзатқа ортақ. Қазіргі ғылым оның құрамын 11 пайыз, араға уақыт салып ояну мүмкіндігін 6 пайыз деп отыр. Геннің жылдар бойы ұйықтап жатуы, үш-төрт ұрпақ ауыса оянуы, тіпті оянбауы да мүмкін. Қазақтар бұл құбылысты «жұлдызы жанды» деп бір ауыз сөзбен түйіндеген.»С-3 starclaster» жасушасының оянуына сыртқы фактордың әсері жоқ.

Генетик ғалымдар жеті ұрпаққа дейін ақуыз жасаушы амино қышқылдардың сәйкестігі дәл келеді екен. Соның салдарынан адамның жетінші ұрпағына дейін тұқым қуалаушылық сақталады.

Жас ғалым Жанар Елешова  бірінші ұрпақта жағымсыз рецессивті гені бар гетерозиготалардың ықтималдығы елу пайыз болса, жетінші ұрпақта бір пайызға да (0,78) жетпейді. Демек, бұл жеті атадан кейінгі ұрпақта мутантты гендердің әсері байқалмайтынын көрсетеді. Осыған байланысты туыс емес адамдардың жыныстық жасушаларында жағымсыз гендердің сәйкес келу ықтималдығы өте төмен.

–Жеті атаға жетпей некелессе, адам генетикасындағы хромосомалар сан,  құрамы жағынан өзгеріске түседі. Осыған байланысты  гендер мутацияланып, адам ауруға душар болады.  Бұндай некелерде психологиялық ауытқушылығы бар немесе кемтар балалар дүниеге келеді. Мәселен, Клайнфельтер синдромы, трисомия-х синдромы, даун синдромы, гемералопатия (түнде көрмеу), дальтонизм (түстерді ажырата алмау), гемофилия (қанның ұйымауы), галактоземия, ақылдың кемдігі, бедеулік сияқты аурулар туысқандық некелерде жиі кездеседі, –дейді Жанар Елешова.

Генетикалық ауытқуға байланысты дерттердің жиілеуі ғалымдарды алаңдатады. 23 жұп, 46 хромсома – қалыпты адамның генетикалық көрсеткіші екені белгілі.

Генетика әлемі де жұптасуға деген адалдықты сүйетінін айтады.  екі-екіден жұптасқан 23 жұптың біреуінде артық хромосом пайда болса, генетикалық қалыптылықты бұзып жібереді.

Тұрсын Жұртбаев қазақ ұғымында адам бойындағы физиологиялық және мінез-құлық ерекшеліктері ата-әке жағынан берілетінін айтып өтті. Бір жатырдан шыққан бауырлардың бір-біріне үйленуіне жол бермеген. Ал шеше жағынан туыс бөлелердің отау құрғанына аса мән қоймаған.

– Тектология ғылымы болса, әке-шешенің қанымен берілетін генетиканың бірдей рөл атқаратынын айтады. Генетикада зерттелетін келесі маңызды мәселе – тұқым қуалайтын өзгеріс факторларынан және оның ауыр зардаптарынан құтылу жолын зерттеу. Медицина хромосоманың өзгеруіне байланысты пайда болатын бірнеше тұқымқуалайтын ауруды анықтады. Оларды хромосомалық немесе геномдық ауру дейді. Медицина «баланың 60 пайыз қаны анадан өтеді» дейді. Демек екі тараптан да қауіп бірдей, – дейді Тұрсын Жұртбаев.

Бұл пікірді генетиканы зерттеп жүрген жүрген жас ғалым Жақсылық Жақсығалиев те қостайды. Ғалым Жақсылық Жақсығалиев мәселенің екінші жағына назар аудару қажеттігін айтады.

– ,Суррогат құрсақта өсетін ұрпақтың мықты болуы тек еркектің асылына байланысты емес екені анықталды. Бұдан алтын құрсақ келінді қазақтың босқа іздемегендігі айқындала түседі. Медицина бойынша нәрестеге 23 хромосоманы әкесі, 23 хромосоманы шешесі береді. Сол себептен-де әрбір адамның бойында өзімен бірге атасының да, анасының да ерекшеліктері, қаны болады. Демек, әке-шешенің екеуінің де үлесі бар. Қазіргі генетик ғалымдар қол жеткізе алмай жатқан нәтижеге өзгеден бұрын жетіп, сыры жұмбақ жаратылыс құпиясын ашу — халқымыздың ғасырларға созылған селекциялық ізденісінің жемісі, -дейді ол.

Демек екі тараптан да қауіп бірдей, – дейді Тұрсын Жұртбаев.

 

Рауан Ілиясов

Алдыңғы жазбаОның аты – GGG
Келесі жазбаБилік үнемдеуді өзінен бастауы керек