Home Жаңалықтар Қырғыз «Құрылтай» дейді, қазақ не дейді…

Қырғыз «Құрылтай» дейді, қазақ не дейді…

65

Қырғыз  елінде «мемлекет бюджетіне  салмақ салатын,  шығыны  көп парламентті ұстап  қайтеміз. Халықтық  құрылтайды заңдастырсақ  соның  өзі  жетпей  ме?»  деген қиянпұрыс бастамалар көтеріле  бастады. Мұндағы  мақсат, «ай сайын депутаттарға  80  мың сом төлегенше, халықтық  құрылтайды  ара  тұра  шақырып, қажетті заңды қабылдап  отырсақ,  бұл  мемлекетке  су тегін  түседі»  деген игі ойдан  туса керек-ті.

Тіпті халықтық  құрылтай  жөніндегі  заң  жобасын парламент жазғы  демалысқа кетер алдында қабылдапта  үлгерді.  Жалпы  бастаманың  артында президент  Садыр  Жапаров  тұрғаны белгілі. Жаңа  қабылданған конститутцияға да бұл  жоба енігізілген. Ол  жерде,  «халықтық  құрылтай дегеніміз  қоғам  өкілдерінің  жиыны,  негізгі  қызметті;  қоғамның дамуына ықпал етіп, бағыт-бағдар  беретін  орталық»  деп  тайға  таңба  басқандай  етіп көрсетілген. Оның  қызметі Конститутциялық  заң  аясында  реттеліп  отырмақ  көрінеді. Халықтық құрылтайдың делегаты болып, қырғыз  елінің  кәмілетке  толған кез-келген азаматы бола алады. Халықтық  құрылтайдың  жалпы  саны екі  жарым  мың адам  болады  деп көрсетілген.  Дегенмен Халықтық  құрылтай  парламент  депутаттарына  бірден  бір   бәсекелес  орган болатын болғандықтан,  қырғыз  депутаттары  арасында бұл  жобаға күдікпен  қарайтындар  көбейген.  Өйткені көп ұзамай жұрт арасында «үлкен  шығынды қажет етін парламенттен  гөрі, дәл солардай  заң  қабылдауға құзіретті  «халық дауысын»  неге  пайдаланбасқа?» деген әңгіме  көтеріліп,  оның  арты   парламентті  таратып жіберуге ұласып кетпей  ме  деген үрей-ді. Бірақ  бұл қаншалықты реалды баста  ма?  Халықтық  құрылтай парламентті  алмастыра ала  ма?

«Парламенті  жою, бұл  мемлекетті тұйыққа тірейтін  жол. Одан  басқаны көріп  тұрған  жоқпын»  дейді  белгілі қоғам  қайраткері Дос  Көшім.

«Бір  қарағанда  қызық  бастама.  Алайда  оның   болашағы  шектеулі. Өйткені президентің   я болмаса әкімдердің  айтқанынан  шыға алмайтын жиынды  өткізу мемлекеттің, қоғамның дамуына  еш  серпін  бермек  емес. Құрылтайда екі  жарым  мың адам  болатын  болса, заңды  кім  даярлайды, оны  қалай  қабылдайды?  Нағыз  мала-матаң  сонда  болмақ. Бұл  даму  емес,  батпаққа бату.  Бұл  жерде Садыр  Жапаров  кезінде Алмазбек  Атамбаев  парламенттік  республикаға деп дайындап,  конститутцияға  енгізген  өзгерістерін  кері  қайтарудың  амалын  жасауда.  Яғни  бұл  Жапаровтың бүкіл  билікті  бір уысқа  жинақтау, жеке  дара  билеу жобасы.  Қысқасы  ол  парламентік республиканы  президенттік  республика  жасады.  Енді  өзімен қатар  тұратын парламенттті  де  таратып,  тек  ара –тұра  бас  қосатын құрылтайды  ғана  қалдырмақ. Бұл  дамудың даңғыл  жолы  емес.  Жеке  басқа  табынуға  апаратын  жол»  дейді Дос  Көшім.

Дәл  осындай Ұлттық құрылтай  Қазақстанда да  бар. Құрылғанына  екі  жыл  болды. Жақына  ғана  киелі  Түркістанда екінші  жиынын  өткізді.  Құрылтай өткізу  үшін  400 миллионға  жуық  қаржы  жұмсалды. Яғни  тегін ештеңе  жоқ. Бірақ бізде  «парламентті  таратып, құрылтайды  қалдырайық»  деген бастама көтеріліп  жатқан  жоқ.  «Өкініштісі  еліміздегі  парламент атқарушы  билік даярлап берген  заңдарды  талқылап, қабылдайтын  орын  ғана  болып  отыр. Таза  парламент деңгейіне  көтеріле алмады. Өз  тарапынан  әзірге  ештеңе  ұсынып  жатқан  жоқ. Дегенмен құқықтық мемлекетте  парламенттің  өз  орны  бар. Жеке дара  биліктің қамы  үшін парламенттік  институтты жоюға  болмайды.  Бұл  өте  қауіпті  қадам» дейді қоғам  қайраткері.  Осы  тұрғыдан келгенде Қырғыз президентінің  не  ойлағаны бар?  Белгісіз.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

Алдыңғы жазбаПутиннің 22 вагоннан тұратын құпия пойызы
Келесі жазбаСібір өзендерін бұру: аңызбен ақиқат