Home Жаңалықтар «Қазақстанға Ресей тарапынан қауіп сейілді…»

«Қазақстанға Ресей тарапынан қауіп сейілді…»

25

«Ресей осыдан біраз жыл бұрынғы Ресей емес. Қауқары қайтқан. Әлжуаз. Украинадағы жағдайға араласты деп Батыс салған санкциялардан қалжыраған. Экономикада ілгерілеу жоқ. Кері кетуде. Саясатта да сол. Жаһанмен қарым-қатынасы қысқарып келеді. Баяғы КСРО-ның кебін киді деседе болады. Тек амбиция ғана бар. «Мен, мен» деп кеуде соғады. Құр айқай.Халықтың тұрмысы төмен. Билікке, қазіргі жүргізіліп жатқан саясатқа деген наразылық күшейіп келеді. Мұның арты әлеуметтік жарылысқа әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Бірақ Путин оны елеп жатқан жоқ. Әскер мен флотқа ғана арқа сүйеуде. Алайда «жыланды үш кесеңде кесерткілік қауқары бар» демекші, армияға арқа сүйеген Путин әлемдік геосаясатқа айтарлықтай өзгеріс енгізуде. Әсіресе Таяу Шығыста, Сириядағы Батыстың саяси ойын жүлгегіне өзгеріс енгізе алды. Башар Асадты қолтығына тартты, өзгені ығыстырды. Сол секілді Украина да, Ливия да әбжілдігін көрсетуде. Бірақ тағы қайталап айтамын Ресейде баяғы екпін-қуат жоқ» дейді Ресей мен Батыс арасындағы жағдайға байланысты ойын білдірген белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали.

«Біраз бұрын, ТМД кеңістігіндегі елдерге ара-тұра айбат шігіп қоятын еді. Қазір ол жоқ. Керісінше одақтастықты нығайтып, Батыс елдеріне қарсы бірге тұруға үндеуде. Боқ ауыз, қыжыртқы тілді саясаткерсымақтарыда тыншыған. Қазақстанға, солтүстіктегі бес облысқа байланысты әлсін-әлсін әңгіме айтпаса іштері кебетін көкауыздардың үні өшкен. Бәлкім Кремльдің өзі «қысқартыңдар» деген болуы мүмкін. Өйткені Ресейге әзірге Қазақстан, Беларус секілді өзіне берілген одақтастар ауадай қажет. Сын сағатта оларды ренжітуге болмасын Мәскеу біледі. Сондықтан қазір Қазақстанға Ресей тарапынан қауіп-қатер жоқ. Сейілген.
Рас, 2014 жылы Ресей Қырымды анекциялап, Украинаның Шығыс өңіріне өз адамдарын енгізіп, бөлшектеуге тырысқан кезде, «бұдан кейінгі кезек Қазақстан. Солтүстік облыстарға қауіп төнді» деген қоғамда үлкен әңгіме болған еді. Бірақ ол алып-қашпа әңгіме түрінде қалды. Ресейдің Укрианаға жасаған әлімжеттігі үшін Батыс жасаған қыспақтан Ресей «байтал түгіл бас қайғы» жағдайында. Астананың көп тармақты саясатының арқасында еліміз әзірге алыс-жақын жұрттың бәрімен достық рәуіште. Дегенмен біз Ресейге көп жағдайда тәуелдіміз. Ішкі-сыртқы саясатымызды да Кремльге жалтақтап жасайтын кездер жоқ емес. Экономикамызда ол елге байлаулы. Әскери жағынан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына, экономикалық жағынан келсек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүшеміз. Бұдан тыс екі жақты қаншама келісім бар. Сол секілді Қазақстанның Қытайғада жалтақтап, ыңғайына жығылатын кезі бар. Еліміздегі мұнай-газ саласының біраз пайызы Бейжіннің қолында Қытай алып ел. Көрші. Әлемдегі АҚШ-тан кейінгі орында. Экономикалық қуаты жағынан. Әскери қауқарыда алдыңғылардың қатарында. Қазақстан осындай екі алып көршінің ортасында орналасқан. Олармен жақсы болу біз үшін шарт. Біріншіден дос болу, жақсы қарым-қатынас ұстану, алдымен еліміздің қауіпсіздігі үшін керек. Екіншіден елімізде өндірілген өнімді сыртқа яғни осы елдерге өткізу керек. Бұл экономикалық жағынан тиімді. Қытайда миллиард жарым, Ресейде жүз елу миллионға тақау халық бар. Бұл біз үшін үлкен нарық. Мұны естен шығармау керек. Әрине Қазақстан үшін АҚШ-тың, Еуродақтың орны бөлек. Бірақ көршілермен жақсы болуы бірінші орында». Саясаттанушы Әзімбай Ғали осылай дейді.

Алдыңғы жазбаИран зымырандарынан төнетін қатер
Келесі жазбаПай-Пай, Пашинян-ай!