Home Жаңалықтар Латын әліпбиі ұтылыс па, ұтыс па?

Латын әліпбиі ұтылыс па, ұтыс па?

35

Бір  жазудан екінші  жазуға  көшу  оңай  шаруа  емес. Оған аса үлкен  дайындық  және  уақыт керек.  Онда  да ондаған  жылдар. Айтайын  дегенім латын әліпбиі  жөнінде.

Рас, бұл мәселе еліміз  тәуелсіздікке  қол жеткізгелі  бері  айтылып  келді. Ал  2017 жылы  сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев  бұл  мәселеге  пәрмен  берді. Содан  бері аса ауқымды  жұмыс  басталып кетті. Өйткені 2025  жылы   латын жазуына  көшуге  тиіспіз. Латын  әліпбиінің  қаншалықты  маңызды  екенін  айтып, түсіндіріп жатудың  қажеті  шамалы. Бүгінгі  замнның  тілі латын  әліпбиінде. Демек  қажет. Бұған  дейінде  еліміз  (1929 жылға  дейін  араб графикасына негізделген «төте жазуды» , 1929-1940 жылдар  аралығында латын, ал 1940  жылдан  бері кирилл графикасы әліпбиін  қолданып  келеді)   бірнеше  рет әліпби  ауыстырғаны    мәлім. Халықты  тағы  бір  сынақ  күтіп  тұр. Бұл  жолғысы қалай  болмақ?  Бір ақиқат  дүние,  «төте  жазу  кезінде  де,  ондан кейінгі 1929 -1940   жылдар аралығындағы  латын  әріпі  кезінде  де жазба  дүниеміз  көп  болған  жоқ.  Шектеулі  еді.  Сондықтан  жоғалтатынымызда  аз  еді.  Ал  кирилл   әліпбиі кезінде  аса  бай жазба  мұрамыз пайда  болды. «Латын  әліпбиіне  көшіп кетсек өткенімізді  келер  ұрпақ  оқи алмай  қала  ма?»  дегенде үрей  жоқ  емес.  «Ақырын-ақырын  аударып аламыз»  дегенге де  сенім аз.  Қазақтың  тарихымен  мәдениетіне  ат  үсті қарайтын  бүгінгі   билік, бар  дүниені ұқсату  үшін  мол қаржы бөле  қоюы екіталай. Бұл  да  бір  мәселе.                     Белгілі  саясаттанушы Әзімбай  Ғали ағамыз  бір  сұхбатында  әзірге кирилл қарпінен  қашпау керектігін  айтыпты.  Оны  ол  кісі  былай  түсіндіреді: «Бізге  еңбастысы  мемлекеттік  тілді   өз  тұғырына  қондырып,  орнықтырып  алу керек. Өйткені  Қазақстандағы  өзге  жұртты  қазақтандыру  үшін  орыс қаріпі  керек.  Ол басты  құрал  қызметін  атқарады. Себебі ұйғыр да,  өзбек  те, кәріс  те   бәрі – бәрі  түсінеді. Тағы  бір  жайт, қазір  қазақтардың  57  пайызы  қалада  тұрады. Кім біледі, олар жанымызға  бұрынан  жақын  деп орыс тіліне ауып  кетуі де  мүмкін. Сондықтан  латын әліпбиіне асықпау  керек.  Уақыты  келер  сол  кезде  көре  жатармыз». Бір  қарасаң дұрыс.  Қолдайсың.  Бір  қызығы еліміздегі  қазақ  тілділер  латын  әліпбиіне   көшіп,  ал  орыс  және  орыс тілділер кирилл әліпбиінде  қала беруі   тым  оғаш  дүние.  Бір  мемлекетті  екіге  бөліп  тастау. Онсызда  қазір  орыс  және  қазақ тілділер  болып  қаққа  жарылып  жүргеніміз  аздай.  Бұл тұтастығымызға селкеу  түсіруі  әбден мүмкін.  Қазақстанда  қазақтардың  үлес  салмағы  70  пайызға  тақап  қалды  десек те, 20 пайыздан астам  орыс бар, бұған   орыс тілінде  сөйлейтін  бірнеше  пайыздан  тұратын  украин,  татар, неміс т.б  ұлттарды  қосыңыз. Бұған  тағы , өз  тіліне  тіксіне  қарайтын, орыс тілін   басты  тіл ретінде санайтын  өзіміздің  орыс  тілділерді  қосыңыз.  Бұлардың  өзі  кем дегенде  20-30  пайызға кетіп  қалады.   Демек еліміздің  кем  дегенде  50  пайыз  халқы  кирилл,  қалғаны  латын  әліпбиін қолданбақ  па? Бұдан  не  ұтамыз?  Бұл ойланатын  мәселе.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ «Байтақ-Болашақ»  экологиялық  альянсының  төрағасы,  Ұлттық  қоғамдық  сенім кеңесінің  мүшесі

Алдыңғы жазбаEuro-2020 турнирінің жеребесі тартылды
Келесі жазбаМҰХАМЕДЖАН ТАЗАБЕКті таза емес депті