Әлем елдерімен терезесі тең мемлекет атану, елінің тұрмысы бай, саналы, сауатты ұрпақтары ертеңіне сеніммен қарайтын ел болу мәселесі бүгінгі күні ұлтымыздың ұранына айналуы тиіс екендігін уақыт көрсетіп отыр.
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың, бірқалыпты бейбіт дамудың негізгі тұтқасы болып табылатын – ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім. Осы ретте президентіміз Қ.К.Тоқаев «Халқымыз қашанда кең пейілімен, толеранттылығымен ерекшеленген. Еліміздің басты құндылығы – бірлік пен келісім ең алдымен, осы қасиеттердің арқасында сақталып отыр. Қазақстанда тіліне, дініне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және басқа да себептерге байланысты ешкімге ешқандай қысым жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес. Әрине, мұндай жайттар ара-тұра кездеседі. Бірақ бұл көбіне жекелеген адамдардың сауатсыздығы мен жауапсыздығынан болып жатады…»,- деп тағы да орынды еске салып өтті өз жолдауында. Ал, осы құндылықтар тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайтудағы басты мақсат екендігі айқын. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Шындығында, бірлігі мықты, іргесі бүтін елдің қашанда ырзығы мол. Еліміз осындай баға жетпес байлығы – татулығымен мақтана алады.
«ҚазССР» деп таңбаланатын мемлекетіміздің тәуелсіз Қазақстанға айналғанын естіген күн мәңгі есімде. Қолымда екі жастағы балам бар еді… Іштегі бұлқынған, бұрқанған, лақ етіп шығарға саңылау таппай тұрған көп жылдарғы қордаланған жалын көзден тарам-тарам ағылды-ай дерсің… Не болғанын түсінбеген сәби барбиған саусақтарымен бетімді сүртіп қояды, «құлыным-ай, сен азат елдің ұрпағы боласың…»,- деген ойға берілдім. Бостандық, еркіндік,әлдекімдерге жалтақтамау,өз ана тілін еркін қолдана алу, үстемдік құрушы тілді түсінбегенің үшін қорлық көрмеу деген асыл арманымыз еді. Адам болған соң еркіндікті, бостандықты аңсайды, армандайды, сол үшін әрекет етеді, күреседі. Тәуелсіздік деген бабаларымыздың арманы, аңсауы еді, енді соған қолымыздың жеткеніне де бірталай уақыт болды. Бұл аралық ішінде Қазақстан шекарасын бекіткен, дербес, зайырлы ел қатарына жетті. Алайда, осындай жеңіске қол жеткізген соң, оны сақтап қалу одан да қиын міндет екенін түсіндік қазір. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмауы керек. Ал, ондай ізгілік жолында халыққа біртұтас идея, жұмылдырушы күш, мақсат-мұрат қажет. Анығырақ айтқанда, ұлттық идеяның мықты болуы алдыңғы кезекте деген сөз. Идея сыртқы дүниені бейнелейтін қоғамдық сананың пішіні болса, енді бірде адамның басты сенімі орнына қолданылады.
Отанды сүю – әрбір ұрпағымыздың, азаматтарымыздың міндеті. Б. Момышұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, ата-бабамыз көзінің қарашығындай сақтап келген жерін солай қастерлеп, еліміздің көк туын биікте ұстап, тәуелсіздігімді сақтау – біздің басты жауапкершілігіміздің бірі. Шынымен де, бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ. Сондықтан да, қуаныш пен қиыншылықта халқымыз әрдайым бірге болуы қажет деген тәмсіл күн тәртібінде тұрғаны орынды. Арысы қазақ хандығынан бастап, берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін құлатпау, туған елімізді, жерімізді қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам -ормансыз құс» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі, тірлік кешуі мүмкін емес. Себебі, тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің, тапталмаған намыстың күшімен келген ұлы мәртебе.
Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық»,- деген. Жаһандану заманында бүкіл әлем алақандағыдай болып қалды. Талапты ұл-қыздарымыздың жер жүзіндегі кез-келген елге барып, білім алуы қалыпты үрдіске айналды. Сонда қалып, қызмет істеп жүргендер де баршылық. Осы орайда, ел ішінде «жастар шетелге кетіп жатыр» деген алаңдаушылық та бар. Мен жастарымыз білімін жетілдіріп, бәрібір елге оралады немесе шетелде жүріп-ақ Қазақстанның мүддесін қорғайды деп сенемін. Өйткені қырық жылдан астам уақыт шәкірт тәрбиесімен айналысып, жастардың ортасында жүргеннен кейін олардың психологиясы маған таныс. «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек»,- деген жолдаудағы қағидат қайда барып еңбектенсең де адал , абыроймен қызмет қылуға бағыттап отыр. Бұл ретте: « Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет»,- деп ұстаздар қауымына да қомақты міндеттер жүктеп отыр. Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек.
Алға қарайтын кез келді. Ұлыбританияның экс-премьері Тони Блэрдің парламентте тұрып «Ұлыбританияның бай тарихы бар. Бірақ біз музейде өмір сүрмейміз ғой»,- деп айтқаны бар еді. Сол айтқандай , зиялы қауым өкілдерінің, білімді қоғам мүшелерінің, ауызы дуалы қайраткер адамдардан шығатын сөз де дұрыс болып,үрпақ тәрбиесіне бағытталуы керек. Яғни, болашақты ойлауымыз керек екенін меңзейді. «Ылғи да кейін қайырылып, өткенмен өмір сүруге, бұрынғы жүйеден немесе саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды. Өз халқыңның тарихын білу керек, бірақ одан тек еңсеңді түсіріп, өзгеге өкпе артуға себеп іздемеу қажет. Қандай қасіретті болса да, өткен оқиғалардан, ең алдымен, тағылым ала білген жөн. Біз келешекке сеніммен көз тігіп, еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуын ойлауымыз қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып келемін»,- деген жолдаудағы пікір шындықты айтып тұр.
Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарды насихаттауға күш салудың қажеттілігі артып отыр, өйткені жаһандану процестері елімізге тереңдеп енген сайын демократияны бетперде еткен, «көрінбейтін» қауіптер төне бастады. «Көpiнбeйтiн» қaуiптep дeп, cыpтқы бeлгiлepi бoйыншa зaңды құбылыcқa жaтaтын, aл түп нeгiзiндe aқпapaттық құpaлдap apқылы eлдi apaндaтуды мaқcaт eтeтiн құбылыcтapды aйтaмыз. Coның бipi — бaтыcтық мәдeни экcпaнция. «Бaтыcтық» cөзi бұл жepдe шapтты ұғым, oл ұлттық құндылықтapымызғa жaт, қaйшы кeлeтiн мәдeни фopмaлapды өpнeктeу үшiн қoлдaнылып тұp. Мұның қaуiптi тұcы мынaдa: дәcтүpлi cыpтқы ынтымaқтac eлдep apacындaғы eлiмiздiң имиджiнe нұқcaн кeлтipу, eлдeгi ұлттық дәcтүpлepдi ұcтaнaтын xaлықтың әдeйi ызacын кeлтipу жәнe ocы apқылы apaндaту cияқты мaқcaттap үшiн icтeлiнiп жaтқaн әpeкeттep жac ұpпaқты пaтpиoттық pуxтa тәpбиeлeугe кepi әcepiн тигiзeдi.
«Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.
Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді».
Aқпapaт ғacыpындa бұқapaлық aқпapaт құpaлдapының дaму қapқыны жaңa caтығa көтepiлдi. Coндықтaн қaзaқ бұқаралық ақпапар құралдарының caн aлуaн функцияcын, қoғaмдaғы pөлiн, тeopияcы мeн тәжipибeciн жаңа қарқынмен, бағытпен дамыта түсу қaжeттiлiгi туындaп oтыp. Осы ретте журналистік кадрларды дайындау жолында еңбек етіп жүрген педагогтардың да мақсат, мүддесіне деген, жауапкершілігіне деген талап та арта береді.
Тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіретіп, еліміздің еңсесін биікте ұстап, тілімізді тұғырынан тайдырмай, байлығымызды талан-таражға түсірмей , болашақ ұрпақтың алдында ата-бабалық парызымызды адал жалғастыруға көктегі Аллаһ нәсіп етсе екен!
Клара Қабылғазина
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры