Желтоқсанның 9 күні Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтпек. Ал оның қортындысы қалай болатынын әзірге ешкім білмейді.Болжам көп. Егерде сарапшылардың сөзіне сенетін болсақ, парламент сайлауынан кейін Ереванның саяси ұстынымы өзгермекші. Өйткені бүгінгі билікте Ресейдің арқасында таққа отырып, Кремьдің сөзін сөйлейтін баяғы Серж Саргсян және «ресейшіл» саясаткерлер жоқ. Сайлау үлкен тартыспен өтетіні қазірдің өзінде белгілі болып отыр. Бұған Мәскеуде алаңдаулы. Неге? Оның өзіндік себептері бар. Мәселен, көрші Грузияда болған президент сайлауында жеңіске жетіп, ел тізгінін қолға алған Саломе Зурабишвили Ресеймен әңгіме «өзгеше» болмақ» яғни Кремльмен тілдескенде АҚШ пен Еуродаққа арқа сүйейтінін мәлімдеген. Ал, билікке төңкеріс арқылы қол жеткізген армиян басшысы, премьер–министр Никол Пашинянда Мәскеуден гөрі Батысқа көп жалтақтап отырғаны белгілі. Егерде парламент сайлауындап «батысшыл» партиялар күш алып кететін болса, Ресейге үлкен соққы болмақ. Өйткені Армения Ресейдің Қап тауындағы жалғыз одақтасы һәм буферлік қызмет атқаратын ел. Ал Әзірбайжан мен Грузия Ресейден баяғыда іргесін аулақ салған. Демек Арменияда сол жолмен жүретін болса, Ресейдің Қап тауындағы ықпалы мүлде жоғалады деген сөз. Амалсыз ол елдегі әскери базасын кері шығаруға тура келеді. Қалай айтсақта, Арменияда қалыптасып келе жатқан қазіргі жағдай соған итермелеуде. Мәселен, сайлауға елдегі тоғыз партия қатыспақ. Оның ішінде Ресейден іргені аулақ салу керек деп мәлімдеме жасап жүрген «Сасна црер» партиясыда бар.
Олардың бағдарламасына көз салар болсақ, Ресей Гюмридегі әскери базасын жабуы тиіс, республика поскеңестік елдерімен жасасқан барлық интеграциялық байланыстарды үзуі керек, сонымен қатар республикадағы барлық Ресейлік телеарналардың жұмысын тоқтату т.б Ресейге байланысты үзілді-кесілді талаптары бар.
Сондай-ақ Мәскеумен алдағы уақытта тең дәрежеде сөйлесу керектігін алға тартуда. Бұдан тыс партия Иран және АҚШ пен стратегиялық қарым-қатынас орнатқанды жөн көреді. Ал, мұның бәрі Мәскеуге алаңдаушылық туғызып отыр. Тек «Сасна црер» ғана емес, сайлауға түспек ниетте болып отырған өзгеде партиялар Ресейден гөрі Батыспен қарым-қатынасты күшейту керек екенін мәлімдеуде. Демек сайлаудан кейін Арменияның сыртқы саясатында бірқатар өзгерістер болатыны анық.