Жақында ғана әлеуметтік желілерденоңтүстікте тұратын бір Қожа «қаратабанқазаққа шықпайсың » деп қызын сүйгенжігітіне бермей қойғанын оқып жағамдыұстаған едім.
Жиырма бірінші ғасырда «бұл не қылған ескініңсарқыншағы» деп ойлап қойғанмын. Алайдаоңтүстіктер салт-дәстүрді берік ұстайтынболғандықтан, ол жақта бұл өте бір оқыс оқиғаболып саналмайтын шығар. Қалыпты жағдайболуы мүмкін.
Жә, айтпағым бұл емес. Өзге.
Мен — орысшасы көп солтүстіктіңқазағымын. Ауылымыздың жартысы қазақ, жартысы славяндар. Бірақ солай бола тұра, біздің жақта да ескі дәстүрге сүйеніп жататындараз емес.
Өткен жылы мынадай бір жағдай болды:
Бір көшеде тұратын көршінің баласы үйленбекболып біраз дайындалды. Бірақ той болмады. Неге дейсіздер ғой, әшейінде адамдарменаралас-құраласы жақсы әлгі жігіттің әке-шешесіжеме-жемге келгенде баласының алатын қызынакөңілі толмапты.
Ең бастысы — қыздың елі Қыпшақболғанына тірелгенекен. Сөйтсе бұлар Төрелердіңтұқымы екен.
Жігіттің әкесі:
«Біз Төреміз. Сонау тамырымызданбастап Ақсүйекпіз. Сондықтан осы дәстүрді сақтап, ұлымыздың алатынәйелі де Төре болуы Заң.
Қыз жағы ренжімесін» деп, баласын тиыптастапты.
Онымен қоймай, «қыз небәрі колледж бітірген. Жоғары біліміжоқ, қарабайыр біреу екен. Ал біздіңбаламыз АҚШ-та оқып келген. Өсетінбала. Оған соған сай білімді жар керек», деп шіреніпті.
Мұны естіген сол маңайда тұратын орыс-қазағыаралас көршілер: «қазір ру-руға, Төре-қарағабөлінетін заман ба? Өткеннің сарқыншағын неге жаңғыртады. Ең бастысы балалар бірін-бірінжақсы көрсе, сыйласа болды емес пе?», депбіртүрлі болып қалғанбыз.
Содан не керек, әке-шешенің айтқанынан шыға алмағанбала әлгі қызды алмады.
Ары қарай тағдырлары не болды, білмедім.
Айтқым келгені, мұндай жағдай тек оңтүстіктеғана емес, еліміздің әр бұрышында кездесіпқалатыны өкінішті.
Жарас Арғынбек