Home Руханият Қайда екен,  қайда  сол  бір  қыз?

Қайда екен,  қайда  сол  бір  қыз?

12

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

(Өлеңдер)

 

***

Балалық  шағым,

ораламас   сағым,

Алыстап  кеткен  қыр  асып.

Алаңсыз  күнім,

сағынтып  бүгін

Көзіме    тұнды бұла шық.

 

Қызғалдақ  үзген,

суында  жүзген,

Ақ  бұлақ  жатыр  паң  күліп.

Қызды  алғаш өпкен,

сонау  бір  көктем

Кетпейді естен  жаңғырып.

 

Келмейді  қайтып,

әз  әнін  айтып,

Ағылған  жыл  мен  ай  кейін.

Әжімін   салып,

сағынтып  алып

Өтуде  уақыт  қайтейін.

 

2005  жыл.   Ақпан.

 

О,  муза!

Жолың  ауыр,  қиын  білем

Бірақ,  бірақ  сүйемін  қиынды  мен.

Қамалыңды  алынбас  қопарам да,

Сырларыңды  ашамын   түйін  кілең,

Сездіремін  осылай  күйімді  мен!

1985  жыл.

 

Асыға  күттім  көктемді

 

Асыға  күтттім,    сағына  күтт тім  мен   сені,

(Зілмауыр  ойлар   басқанда  төмен  еңсені)

Өзіңді  көріп  жабыққан  көңіл  жайлансын

Жарқылда  көкте    көктемнің    алмас  семсері.

 

Шағырмақ  күннің   сәулесі  түсер   сенектен,

Дүние  тұрар   көйлегін  киіп желектен.

Адамдар  сені   сағына  күткен  япрымай

Ару –көктем,  бірінен  өзге  бөлекпең.

 

Сыбызғы  бұлақ   сызылта  салып  әндерін,

Көктемгі  жауын  көрсетіп  жатыр  жәрдемін.

Ақ  қардан  мынау  мезі  боп  қалған  көңілді

Шуақпен  қаптап,   сезімді  гүлмен  әрледім.

 

Асыға  күттім,  сағына  жеттің ,  көктемім

Көрдім  ғой  сонда   даланы  күннің  өпекенін.

Осы  бір  кезде,  жұпарын  шашқан    көктемде

Бүр  болып  ашылып,   гүл  болып  қайта  көктедім.

1982  жыл.

 

  Тамыз  таңы

 

Тамыздың  таңы-ау,  даланы  нұрға бөлеген,

Сұлулық  көрем,  көркіңнен  сенің  не  деген.

Жұлдызды  түндер,  түндігін  түріп  алған  соң

Шашыла  барып,  сәулесі  түсер  төбеден.

 

Молығып  шықтар,  шағылып  күнмен  нұр  атып,

Мөлдірілікке  қарайда  бердім  құмартып.

Бозала  таңда  тырналар  өтті  қиқулап

Бара  ма екен,  көңіліне   мұң  артып…

1982  жыл

 

 

 

Баласауса  сезім

 

Кей  кезде  ойға  қалам,

Тоқтатып бар  ісімді.

Сағына  еске  алам

Сонау  бір  танысымды.

 

Мөлдіреп  көк  зеңгірі,

Сол  күні  ашық  еді.

Өзендей  көктемдегі

Көңілім  тасып  еді.

 

Кенеттен  кездестім  де,

Жаутаңдап  қарай  бердім.

Үстіртін  сезбедім  бе

Өзіме  балай  бердім.

 

Апырау  сыйқырлы  ма,

Жарқ  еткен  күн  жанараң

Белгісіз  ой  тұрды  ма

Қиықпен  бір  қарадың.

 

Көрініп  жоқ  болдың  сен

Жалт  еткен  найзағайдай.

Баласауса  сырымды  мен

Қалдым  ғой  айта алмай.

 

Сезімдер  алдай  ма,  екен,

Шарықтап  кеттің жырақ.

Жүрсеңде  шалғайда  сен

Жүректе  қалдың  бірақ.

1982  жыл

 

Тыныштық

 

Айнала  маң,

Маужыраған  тыныштық,

Дала  жатыр  аппақ қармен  тынысқып.

Ақырын  ғана  ызғырық  жел  өтеді

Жаз  емес  бұл,

Қыс  екенін  сыбысқып.

 

Қаһарлы ызғар,

Шалып ойнап  сыбызғы,

Сыйласады  адамдармен  «тым  ізгі».

Ұлпа  қарды

Сейіп-сеуіп  қой  ды  да

Дүние  тұр,  бітіргендей  бір  істі.

1982  жыл

 

Сырымды  жеткіз  сал  сағым

 

Әлі  есімде  жасыл  бел  атырабы,

Сылдыр-сылдыр  қайыңның  жапырағы.

Көкжиекте   қол  бұлғап    сал-сағымдар

Іңкәр  қылып  өзіне  шақырады.

 

Аңғартқандай  бір  сынды   сал-сағымдар,

Сал  -сағымдар  мен   келем  қарсы  алыңдар.

Сол  бейнені  іздейін  табар  ма  екем

Жар  салыңдар,  жаңғыртып,  жар  салыңдар.

 

Сал-сағымдар   көзді  арбап,  қыр  асырған,

Татыңдаршы  мендегі  бұла  сырдан.

Жеткізіңдер  сол  жанға  көктем  болып

Сезімімді  төзусіз алас  ұрған.

 

Қыс та  өтіп шуғын  жайды  көктем

Қыр  самалы   япырай  жайлы  неткен.

Арман қылып  жүретін  қыз бюар-тұғын

Айтыңдаршы, сал-сағым қайда  кенткен?

1982  жыл

 

Нұр  ойнады  көк  белде

 

Түн  түнекті үріп  тастап,  жарық  қып

Даланы  оят,   шула  құстар,  қарық  қып.

Бозаң  тартып  жарты  аспанның  жиегі

Таң келеді,  таң  келеді  жарықтық.

 

Айналайын,  ей  таңдарым  ағарған

Сұлулық  пен мөлдірліктен  жаралаған.

Алай  көңіл  алаулашы,   өртенші

Сөнген  оттай,

Шоққа  айналып  қала алман.

 

Күнде  шықты,

Нұр  ойнады  көк  белде,

Толғанамын  көз  жіберіп өткенге.

Шақпенен  бір  мұңлы  үн  жеткендей

Әлде,  білкім  қоштаспаған  көктем  бе?

1982  жыл

 

Жауса екен жаңбыр

 

Жауса екен  жаңбар,  жауса   екен  дедім,

Көшпелі  бұлқа  білдіріп  сенім.

Ебіл  де  дебіл төкке ғой  шіркін,

Даланың  көне өзгертіп  реңін.

 

Кенеттен  бір  сәт,  найзағай  ойнап

Көшпелі бұлттер  күркіреп  өтті.

Ақ  ерке тамшы  шаттығын  тойлап,

Сарғайған  жерге   құт  болып  жетті.

 

Көңілім елтіп  қырларға  шыққам,

Теңіздей  толқып  жаңа бір  сезім.

Көргендей  болдым,  мөп-мөлдір  шықтан

Кезеспей  кеткен  арудың  көзін.

 

Жауса  екен дедім,  жауса екен  жаңбыр,

Осы бір кезге  көңілім  ғашық.

Шөліркем  жатқан   құлпырсан  сан  қыр

Бұлақтар ақсын ернеуден  асып.

 

1981  жыл

 

Бұлт

 

Нұрын  с еуіп  көңілдің  бақтарына,

Көшті  бұлттар  тоқталмай  ақтарыла.

Бәлкім  сонау  таулардың  жақпарына,

Бәлкім  сонау  аңсаған  жақтарына.

Ебіл-дебіл  сел  шашып   кетеді де,

Не  күтіп  тұр  алдында  мекені  ме?

Сойқан  желдің лекіген жетегіе  де

Мына  бұлттың  өмірі  өтеті  де.

1982  жыл

 

  Бір  сыйым  бар

 

Айналғандай  тек  өзің  дара  шыңға,

Көркіңменен   асқақтап  барасың  ба?

Саған  арнап беретін бір  сыйым  бар

Айтшы,  қалқам  сол  сыйды  аласың  ба?

 

Сый дегенім — ол  менің  от  жүрегім,

Сенде  жүрсе  кір  шалмас  джеп  тіледім.

Екі  жүрек  үндесе  бірге  соқса

Мәңгілікке  жасайды  деп  білемін.

 

Өсіп-өнер жапырақ  бүршігінде,

Бұзбас ешкім   қос  жүрек  дүрсілінде.

Соғады  олар,  соғады  елең  қылмай

Мынау  ғажап  ғасырдың   гүрсілін де.

1982  жыл

Сол  бір  қыз

 

Желге  ұшып  сары  жапырақ,

Қоңырау  қақты  қоңыр  күз.

Бозарып  қыр  мен  атырап

Ақ шаңдақ  болып  жатыр  түз.

 

Шөптерге  қырау  шық  тұнған,

Ызғарлы  еді  қоңыр  күз.

Сезімді  алғаш  ұқтырған

Ұмытпен  сені,   сол  бір  қыз.

 

Кезестік  қырда  сонда  біз,

Балас ауса  сырды  шертістік.

Көңілден  ұшып  сонда  күз

Жайдары  жаз боп  кетістік.

 

Отырдық  жайлап  сыр  шерте,

Ай  туған  сонда  шалқалап.

Оянған  сол  сәт  тым  ерте

Өзіңде  деген  махаббат.

Баламыз  онда  аңғартпыз,

Ештеңе  сірә  сезбедік.

Кештер де  айлы  қаңғып біз,

Қырларды  қайбір  кезбедік…

 

Мұңға  орап  менің  көзімді,

Оралды  тағы  қоңыр  күз.

…Оятқан алғаш сезімді

Қайда екен,  қайда  сол  бір  қыз?

1982  жыл

 

 

Сол  бір тамыз

 

Сол  бір тамыз    нұрға  бөлеп,

Сол  бір таңын атырған,

Сол  бір  таңға   көкейімде,

Айтылмаған  жатыр   ән.

 

Әкелді  ме  әлде  бақыт,

әлде  мәңгі  сағыныш,

О,  қиялым  жүрегімді

сол  күндерге  алып  ұш.

 

Арманым  ба  қол  бұлғаған,

кездестім  ғой  бір  қызбен,

Аймен  емес,  күнмен емес,

теңейтінмін  жұлдызбен.

 

Қарақат  көз  шуақ  төккен,

жаралған-ау  тұнықтан,

Басқа ешкім сезінбейтін

сол  бір көзден  сыр  ұққам.

 

Сол бір  қызға  арналатын

Ән де   өзге,  жыр да  өзге,

Басқа  жандар   көлеңкесін

түсірді  ме  сол  көзге.

 

Сәуле  шашып  тұрды дағы

ағып  кетті  қиырға,

Маған арнап дайындаған

бұл  өмірдің  сыйы  ма?

 

Қайтып енді  көрінбеді ,

көрінбеді  сол  жұлдыз,

Көктем  болған  көңіліме

ызғар  болып  қонды  күз.

 

Үміттімін  кездесем  бе,

әйтеу  іздеп  келем мен

Боратумен  сағынышымды

оған  деген  өлеңмен.

 

Сол  бір тамыз  нұрға  бөлеп,

сол  бір таңын  атырған,

Сол  бір   таңға  көкейімде

Мұңға ораулы  жатыр  ән.

1982  жыл

 

Найзағай

 

Жарқылдаңдар,

Ей  найзағай  жарқылдаңдар,

Көк  төсіне пір  болып  артылғандар.

Құла аспан,  төк  нөсер  шартылдаңдар,

Бір  өзгеріс  күткендей  жатыр  маңдар.

Жарқылдаңдар,

Ей  найзағай  жарқылдаңдар.

 

Әкеледі  өзгеріс  (сезем  оны),

Тежемегін, ей  таулар  тежеме  оны.

Тілім-тілім    жарылған  жалпақ  қырға

Құйын  болып  енсінші  мірдің  оғы.

 

Ойды  келіп,   ойларым  найзалайды,

Сені  іздейді  үнемі  қайдалайды.

Әкеледі  өзгеріс (сезінемін)

Сондықтанда  күтемін найзағайды.

1982  жыл

 

Естен  кетпес  сол  бір  кез

 

Шалғынды  қырды  ән  бөлеп,

Жырақта,  тым-тым  жырақта.

Шағала  көңіл желбіреп

Жұмыста  болдық  бір  апта.

 

Ол  кезді  әсте  ұмытпан,

Есімде  әлі  сол  тамыз.

Көңілді  әнмен жылықтан

Думанды  еді ортамыз.

 

Үндесіп  бірге  күш  жігер,

Недәуір еді  қарамыз.

Ойпатты қырат  жерлерден

Шалғымен  шөпті  шабамыз.

 

Бір  топ  қыз  және  тағы  бар,

Шабылған  шөпті  жинайтын.

Ажарлы  еді  балғындар

Өзгеге   сірә  қимайтын.

 

Алаулап  жүрген  жанымның

Ынтызар  жырын  құлатқан.

Желпіген  көңіл  бағының

Сонау  бір  гүлін  ұнатқам.

Жаутаңдап  маған  қос  жанар,

Жылылық  сеуіп  тұратын.

…Есімнен  шығып басқалар

…теңеймін гүлге  қыз  атын.

 

… Үндесе  соғып   қос  жүрек,

Ұзап  біз  кеттік  достардан.

Қосқандай  сәтті  бір  тілек

Ән  шығып  жатты  қостардан.

 

Шалғынды  әлі  кеппеген,

Жапырып  келем  жетелеп.

-Қайтайық-дейді  ол  маған

Деймін  мен оған  ертерек…

 

Жұлдызды  санпап  аяңмен,

Бозарып  жатқан  қырды  астық.

Көңілдің  түбір ақтарып

Мұңдастық  бәлкім  сырластық.

 

Сол  кеште  бәрі  шешілген,

Көңілді  қосқа  қайттық  біз.

Сал  самал  алдан   есілген

Бақыттың  әнін  айттық  біз.

 

Жұмыста бітті.  Тыныштық,

Әндеттіп  қайтып  барамыз.

Көрінер  көзге  тым  ыстық

Шөп  шабатын  даламыз.

 

Көңілсіз  бүгін  балғын  жас,

Қимасы  қалып  бара  ма?

Жанардан  тамып  мөлдір  жас

Қарайлай  берді  далаға.

 

Қимады ма екен  өткенді,

Қия  алмай  менде  барамын.

Қол  бұлғап  үнсіз  қоштасты

Құралай  сынды  қарағым.

 

Қоламта  сынды  сәулені,

Келіп ем  ұзақ  сөндірмей.

Бір күнге  салып  әурені

Тұра  ма  күндер  жөңкілмей.

 

Қызықпен  өтті  көп  күндер,

Күндер  мен  жылдар  жалғасты.

Сол  күндер  үнсіз  кеттіңдер,

Дүние  талай  алмасты.

 

…Біраз  жыл  өткен  арада,

Айменен  күнді  тауысып.

Сол  қыз  жоқ  басқа  қалаға

Кеткен-ді  бұрын  ауысып.

 

Ұмытты  ма екен  ол  мені,

Сол  күнді  ән  қып  айтамын.

Басқанда  сағыныш  еңсені

Сол  жерді  көріп  қайтамын.

 

Сол  кезге    әсте  айтпай  дау,

Жанымда  ұзақ  сақтадым.

Оралып  тағы  келмейді-ау

Шырынды  жастық  шақтарым…

1982  жыл

 

 

Өткеннен  іздеп  едім  мен,

Бірақ  та    үндемедің  сен.

Жанымды  қамшылап  келем

Сездің  бе,  іздегенім  сен.

Он  алты  жасым  менің

Жалт  еткен  жасын  ба  едің?

1982  жыл

 

Элегия

 

Мұнартар  тым  тым  алыстан,

Туған  жердің    бар  қыры.

Шарқ  ұрып  көңіл  табысқан

Көгілдір  хаттар  арқылы.

 

Мөп-мөлдір   еді  арманың,

Мөп-мөлдір  еді  арманым.

Асығар  едік  соған  біз

Жиып  қойып  қалғанын.

 

Достықққа  сірә  кінә  артпан,

Кездестік  досым  жиі  біз.

Келеміз  іздеп  жырақтан,

Жырақта  болса  үйіміз.

 

Тұңғиық  мөлдір  көзіңнен,

Бір  өзге  сырды  сезінгем.

Суыма  көңіл  суы  ма

Досым,  мен  сенен  безінбен.

 

Апармай  саған  гүлімді,

Жасқанып  әлі  келем мен.

Естіші  мұңлы   үнімді

Өзіңе  деген  өлеңнен.

1982  жыл

 

Қайран  жастық

 

Дүниенің  түсінбей  алшағында,

Ғашық  болып  қалатын  сал  сағымға.

Тосырқамай  жүзетін  қарсы  ағынға

Зырлауменен  барады  бал  шағымда.

 

Зырлауық  күн  зырлаумен өтер  ме екен,

Жетер  ме  екем,  биікке  жетер  ме  екем.

Шаң  шығарған  ізінен  қайран  жастық,

Бір-ақ  күнде  қол  сілтеп  кетер ме  екен?

 

Талай  жерде  мәз  болдық,  жайраңдастық,

(Істеген де  шығармыз    ойланбастық)

Қолын  бұлғап…

Қызығын  елес  қылып,

Зырлауменен  барады   қайран  жастық.

1982  жыл

 

 Сағыныш

 

Көңілді  мынау  сүйрелеп  саған,  алқынды  талай  ақ арман,

Сәуірдің алғаш  тамшысы   болып  тамып  сен  кеттің   жанардан.

Біздерді  бөліп  жатқан  бір  сонау   қырларды  жасыл  күн  өпкен,

Жетер  ме  саған  сағынышым  менің   жұлқына    шыққан  жүректен.

 

Жолдадым  саған  көгілдір  хаттар,  сағыныш  толы  тізбегін,

Қызғалдақ  көрсем  құлпырған  қырда , сен  болар  деп    үзбедім.

Көктемгі  жауын  нөсерлеп  өтсе,  нөсерлеп  өтсе  төбемнен,

Шықтардың  мөлдір   жанарынан   бейнеңді  сенің  көрем мен.

 

Сағынды  көрсем  қылымсыған   қырларда  сонау  ұятты,

Алғаш  рет  алдымда  тұрған сәттерінің  сенің  сияқты.

Сағындым  сені,  осы  бір  сөзді  қайталай  берем  ішімнен,

Тағдырдың   қатал    сын  шағы  туса,  көтерем  өзің  үшін  мен.

 

Сағындым  сені,  сағындым  бәрін,  сағыныш  толы  жан-жағым,

Қазір  сені  бір  көрсем  деймін,   сол  ғана  менің  арманым.

Сағына  білген  жандар  ғана   биіктерден  аса  алған

Сағыну  деген    мұраты  болған  адамдарға  қашаннан.

1983жыл,  қаңтар

 

 

 

Көктем

 

Көгілдір көктем, көгеріп  жатыр   бар  маңай,

Көгілдір  көктем,  көгеріп  атқан  таңдар-ай.

Көгілдір  манау    үлбірей  қалған  бұлттардан

Көгілдір  тамшы  үзіліп  кетті  жалған-ай.

 

Көгілдір  дүние, көгілдір  бәрі,  көкпеңбек,

Көгілдір   қырда  көгілдір   гүлдер  неткен  көп.

Қирата  бәрін   жолында  тұрған   бөгеттің

Көгілдір   сеңдер  ұмтылды   алға  өктемдеп.

 

Көгілдір  жонын  мұнартып  жатқан  биіктің,

Көгілдір  нұрмен  аймалап  жатыр  сүйіп  күн.

Көгілдір  аспан-көгілдір  шатыр  төбемде

Көктемім  менің,

Көктемім  менің  сүйіктім!

1983  жыл

 

 

Сағынып  кетем,  сағынып  кетем  мен  сені,

Қайғысыз  кез,

О,  балалық  еңселі.

Көз   алдымда:  шыбық  мінген  жас  бала

Қолындағы   анау  ағаш    семсері.

 

Әз  көктемде  жаңбыр  өтсе  күркіреп,

Балақ түріп, жүгіруші ек  дүркіреп.

Сол  күндерде  өтіп  кетті-ау  ақыры

Қысқа  ғана,  жанымызға   бір  түнеп.

1983  жыл

 

 

 

Қыранның  қанаты  бар   самғай-тұғын,

Тұлпардың  тұяғы  бар  талмай-тұғын.

Ал  мен де,

Бір  ғана  үміт  тек  өзіңмен

Мәңгілік  арамызды жалғай-тұғын.

 

1983 жыл

 

 

Таң  атты,

көтерілді  керемет  күн,

Білмеймін,

Әлде  нені  керек  еттім.

Керек  еттім,  Сол  сен  бе ең,  уыз дүние

Уыз  дүние,  мен  сені  келеді  өпкім.

 

Уыз  қалпың    не  деген  көркем  еді,

(Неге құштар  қылмадың  ерте  мені?)

Шырпы  едім,

Өз-өзінен    тұтанбаған,

Оттығыңды   тос-тағы  өрте  мені.

1983  жыл

 

 

-Бұл  фәнидің  тізгіндеп  ой — ақылын,

Қара  сөзге жетті  ғой  тоятының.

Ел қатарлы   қызық  көр, ақ  қағазды-

Күні-түні  кемірмей,  қой  ақыным.

-Бұл дәуірдің  үні  боп мият-үнің,

Байлық   емес,

Асыл  сөз  жиятының.

Ақ  қағазға  телміріп  отырғанда

Өмір  өтіп кетпей  ме,  ей,  ақыным.

1983   жыл

 

 

 

Мен   сені  ешкімнене  де  кем  көрмегем,

Кем  көрмегем,  ешкімді  теңгермегем.

Дариға-ай,  қос  аққуға  ұқсап  едік

Жәйімен  ай  астында  көл  тербеген.

 

Қорқушы ем,

адамдардан   мұңға  батқан,

(Сыр  түйіп  жүретінмін  мың  қабақтан).

Қалай  ша,

Қорға алмай  қалдым  сені

Бейуақыт  тосын  келген  мұзбалақтан.

 

Қоңыр  кеш,

Жұлдызды  аспан,    ғашық  түнім,

Дүние-ай,  ұстатпайды  қашып  бүгін.

Өтінем,

Құралай  қыз  ренжімеші

Бәріне  кінәлі  тек  жасықтығым…

1983  жыл

 

 

Қыс  та  өтер

 

Бұл  қыста  өтер,

Шыңылтыр аяз  құрсаған,

Иісін аңқытып,

Жап-жасыл  арша  шыршадан.

Ақ  көбік  қарда   біртіндеп еріп  жоғалар

Бәз  қалпында  табиғат ана  тұрса  аман.

 

Көктем  де  келер,

Жыл  құсы  болып  ән  салып,

Тырналар  жетер,

Тырауда-тырау  жар  салып.

Ақ  нөсер  өтер  қарайды   сосын  биіктен,

Үр  жаңа  жерге   кемпірқосақ  тамсанып.

 

Тал  терек  біткен  қанатын  жаяр  бүр  ашып,

Гүлдерге  түнде  қонақтап  шығар  бұла  шық.

Жібек  жел  есіп,

желпініп  салқар  дүние

Бір қызыққа  бір  қызық  жатар  ұласып.

 

Нұр-шуақ  сәуле, тірліктің  отын  үрлеген,

Көгілдір  түтін,

Ошақта  оттар гүрлеген.

Жайланар  көңіл  біткендей  ісің,  бірдемең

Көктем ғой,  шіркін

Керемет кезең  бұл  деген.

 

Бұл  қыста  өтер,

Шыңылтыр аяз  құрсаған,

Аңқытып  иісін,

Жап-жасыл  арша,  шыршадан.

Көктем де  келер,

Өзгерер әлі  барлығы

Бәз  қалпында   табиғат  ана  тұрса  аман.

1983  жыл

 

 

Бала  шағым

 

Төскейінде   жөңкіліп  ала  сағым,

Сусылдайды,  көшеді алаша  құм.

Көшкен  құмдай  мекенін  талақ  тастап,

Зымыраумен  барады  бала  шағым.

 

Мекені  боп  ойынның  ала  шалғын,

(Қызығына  ол  күннің таласар кім?)

Қызық  көріп  жармасып  жүре  тұғын

Қаңсып  қапты   арбасы   қара  шалдың.

 

Құс  ұйқы  боп  күтуші ек  таңды  асыға,

Ойнақтаушы ек, сонан  соң  жар  басына.

Өтті  бәрі,

Өткеннен  із  бар  ма  деп,

Қарай  бердім  сол  шалдың  арбасына.

 

Жаным  толы  мол  арман,  егес екпін,

Сөнбес  отын  береді,    берешек күн.

Ерке  тайдай  ойнақтап,  бала  қиял

Арнасына  бастады  келешектің.

 

Төскейінде   жөңкіліп    ала  сағым,

Сусылдайды,  көшеді алаша  құм.

…Көлбеңдейді  алдымда  болашағым,

Жәутеңдейді  артымда   бала  шағым.

1983 жыл

 

 

Бір  нәрсе  әсте  жанға  жетпей  тұрады,

Бәлкім  оным: әдилеген  қыр  әні.

Бәлкім  оным  жырақ  жүріп аңсаған

Қалқатайдың  сағынышты  бір  әні.

 

Бір  нәрсе   әсте жанға  жетпей  тұрады,

Бәлкім  оным: қырандардың  тұрағы.

Бәлкім  оным  мына  салқар  даланың

Қырды  кезіп  шапқылаған бір  әні.

 

Жерік  жанға    бір  нәрсе  әсте  жетпей  жүр,

Айналсоқтап  әрмен  қарай  кетпей  жүр.

Тулаттырып,  тызылдатып  қанымды

Алынбаған  кектей  бір.

1985  жыл

 

Таныс  қыр, таныс  шоқы,  дала шалғын,

Дариға-ай,  көкірекке  жара  салдың.

Үй  тігіп  отыратын  ақ  бастауда

Қонысы  қайда  кеткен  қара  шалдың.

 

Ақ  бастау  көкке  қарап  аңырыған,

Иессіз  қоныс  қапты  қаңыраған.

Өбектер  немеремдеп   әжем  қайда

Атам  қайда,  қой  қайда  маңыраған.

 

Жез  шәугім,  қазанменен  көмкерілген,

Әжемнің  ошағы  тұр  төңкерілген.

Қасқа  ит  көрінбейді,  өлдіме  екен

Біреудің  қақ басқа  ұрған  келтегінен.

 

Аралап  жылға-көлшік  қыстақтарын,

маңайдың, мылтықыңмен  құста атпадың.

Оу,  ата  мұрагерің  емес  пе  едім

Ең  құрғанда  қамшыңды  ұстатпадың.

 

 

…Бұл фәниден  қонысын  аударыпты,

Кемпір-шал  жоқ,  қара  орман  бау  қалыпты.

Қара  ошағын, қасиетті  қара  орданың

Күл  көміп, қурай  өсіп  шаң  қауыпты.

 

Қара  орданың  сөндірмен    қара  ошағын,

Қара ошақтан  от  алған  болашығым.

Қара тастай  қатайған  ей  дүние

Қара  ошақтан  өмірге  жол  ашамын.

 

Тума-туыс  жайымды  бір күн  білер,

Қара  шалдан  қайыспас  ұл  туды  дер.

Ошақ  оты   сөнуге  тиісті  емес

Тұтатайын, әкелші  шырпыңды  бер!

 

Өлген  адамның  монологы

 

Қылығым  жоқ  алдыңда  ақталатын,

Жақсы  ісім жоқ,  мынау  деп   мақтанатын.

Жарық  дүние  жіберді елші  қылып,

Қарсы  ал, мен,

Суық  көр, қап-қара  түн.

 

Қап-қара  түн. (Боламайтын атар  таңы),

Суық сыз  ғой  денемнің  татар дәмі.

Ай  мен  жұлдыз  ол да  жоқ жымыңдасқан,

Мұңым  шағар  дос та  жоқ  қатардағы.

 

Өксік-өксік    үн  шығып  бұлақ  жақтан,

Кім  болды  екен  төбеме  шырақ  жаққан.

Су  тамады,

Сәулемнің  көз  жасы  ма,

Қабірімді  құшақтап  жылап  жатқан.

 

(Қиялдаудан  о  қандай  пайда  табам),

Енді  оралу  өмірге  қайда  маған!..

Жарық  дүние  сағындым  шұғылаңды

Тірлігімде  армансыз аймалаған.

 

Ажыратпас  саралап  ақ  -қараңды,

Ауыр  салмақ,  суық көр  қап-қараңғы.

Хош,  аман  бол  дүние,

шөп  боп  өнім

Көктегенше  тербетіп  жат  балаңды.

1993  жыл

 

 

 

Айлы  түн  еді…

 

Айлы  түн  еді,

Айлы  түн  еді,  бір ғажап,

Есіңде  ме, қалқам,   кездесер  біздер  жылға  жақ.

Жұлдызды санап  отырған  кездер  бүгінде,

Түсіме  еніп,   көңілімді  жиі  жүр   қажап.

 

Айлы  түн  еді…

Жұлдыздар  жауған  бір  керім,

(Дариға  түндер  жадымнан  өшпей  жүр  менің).

«Осынау  шақтың  ғұмыры  әттең  қысқа» — деп

Есімде,  қалқа,  жылағаның  әрі күлгенің.

 

Айлы  түн  еді…

Айлы  түн  еді    сыр  тұнған,

(Бүгінде  бәрі  жарамсыз  хаттай  жыртылған)

Алыстап кеттің,

Тоналған  бақтай  мен  қалдым

Өмірде  мынау, тілеуіңді  тілеп  сыртыңнан.

1993 жыл

 

 

Балауса  арман   әдилеп,  жыр  құраған,

Алыс  қалды-ау  сол  жота  бұрқырған-

Жусан  иісі,  бозторғай,  жұлдызды  түн-

Және асау жылқылар  шұрқыраған.

 

Қоламтасын  сағыныштың  көсеп  қалып,

Уақыт  өтіп  барады  десек  те ағып.

Сол бір  күндер  ырза  еткен  шикі  өлеңге

Көңілімнен  өшпейді  безек  қағып.

 

Ағымына ілестік  тіршіліктің,

Қуанып  кім  жатады,  күрсініп кім?

Қарсы  ал,  муза,  енді-енді  бүрін  жарып

Күңгейіңе  көктеген  бір  шыбықпын.

1991  жыл

 

 

Зымыран  уақыт аударған  сайын,  жаңа күн-

жаңа  парағын,

Түсесің  еске  көк көйлек киген,  көгілдір  елес  қарағым.

Көк  сағым  болып  көк  белде  қалдың,

Мен  болсам  кеттім ілгері

Саған  деген  сағыныштың  шайқап  ішіп    шарабын.

 

Көгілдір көктем,  көгілдір  белес,  көгілдір  таулар,

көк  аспан,

Көгілдір  елес  көлбеңдеп  келіп  көк  сағымменен   ұласқан.

Жалған  дүние-ай,   жүрегіме  менің қалдырып  мөрін

сол күннің

Жылыстап  қана  бел  асқан.

 

 

Көк  өрім  сезім көктей  бір  өнген,  көгілдір  неткен

көктем ең,

(Сол  шақтан алған  әсерімді  ұмыта  алмапын  көпке  мен).

Көктемнің  барлық  шырыны  тұнған,

қауызы  сынды  гүлдердің-

Ерніңнен  тұңғыш өпкен ем.

 

 

Сонысымен  махаббаттың   не екенін кеткен  ұқтырып,

Саған  деген  сағынышымның  жанарына  қапты

шық  тұнып.

Қарсы  алар едім.

Белгісіз  күшпен    оралар  болсаң  қайтадан,

Анамдай  күтем  тік  тұрып.

1992  жыл

Алдыңғы жазба75-тің хаты” және Ташиев ісі: саяси ойынның жаңа кезеңі