Home Қоғам Жасылдар үлкен саяси алаңға қадам басты

Жасылдар үлкен саяси алаңға қадам басты

50

Еліміздегі «Байтақ» экологиялық жасылдар  партиясы Орталық сайлау комиссиясында маңызды келіссөз жүргізді. Делегацияны партияның халықаралық қатынастар және парламентаризм жөніндегі хатшысы Мұрат Тәшібаев бастап барды. Кездесу барысында олар Орталық сайлау комиссиясы аппаратының басшысы Әлия Ғалимовамен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесудің күн тәртібі ел болашағына әсер ететін маңызды тақырыптарды қамтыды. Атап айтқанда, жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдумға дайындық және Құрылтай сайлауын ұйымдастыру мәселелері сөз болды. Мұндай кезеңде әр қадамның салмағы бар. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, саяси реформалардың да жүйелі әрі ортақ талқылаумен жүзеге асуы – уақыт талабы.

Бұл жағдайдың саяси мәні де айқын. Жасылдар енді реформаларды сырттан бақылаушы емес. Олар шешім қабылданатын алаңға, саяси үдерістер қалыптасатын үстелге келді. «Байтақ» партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған конституциялық жаңғыру бастамаларын қолдайтынын мәлімдеп қана қоймай, оны нақты әрекетпен көрсетіп отыр. Яғни елдегі маңызды электоралдық үдерістердің дайындық жұмыстарына белсенді қатысуда.

Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда жасылдар партиясының құрылуы көпшілікке тәжірибе сияқты көрінгені рас. Алайда уақыт өте келе жағдай өзгерді. Бүгінде «Байтақ» Орталық сайлау комиссиясында нақты ұсыныстары мен айқын мақсаттары бар саяси күш ретінде келіссөз үстеліне отыр. «Еңбегі бардың – өнбегі бар» дейді халық даналығы.

Өйткені реформалар – сырттан тамашалайтын көрініс емес. Саясатта да «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, белсенділік пен жауапкершілік қатар жүруі керек.

Сондықтан бүгінгі шындық біреу:
реформалар – көрерменнің емес, қатысушының ісі.
Ал «Байтақ» бұл ойында өз орнын айқындап келеді.

Dodanews.kz

Алдыңғы жазбаҚазақстандықтарды шұғыл эвакуациялау
Келесі жазбаИранның миллиардтары: Әмірліктердің таңдауы және Таяу Шығыстағы жаңа қаржы майданы