Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің 2025 жылы 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта былай делінген:
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Бауыржан Момышұлына (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін президент Тараздағы жаңа әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынып, батырға «Халық қаһарманы» атағын беретіні хабарланған.

































