Home Басты жазба ШЫҰ-ның  әлемдік  геосаясаттағы орны  қандай? 

ШЫҰ-ның  әлемдік  геосаясаттағы орны  қандай? 

16

Сонымен Әлем назарын  аударған Шанхай Ытымақтастық  ұйымының саммиті дүркіреп  өтті, кетті. Енді көрген түйгенімізді  сараптап айтуға  болады.  Бұл  Қытайдың Тяньцзи́нь шаһарында  өткен ШЫҰ –ның  саммитіне  20  тарта елдің  басшылары және  8 халықаралық ұйымның  жетекшілері  қатысты. Дәл мұндай  ірі  бас  қосу ШЫҰ –да  әлі  болмаған еді.

Қытай бұл  жолы АҚШ-тан  қысым көрген  һәм өзіне  оң көзбен қарайтын   елдердің (ШЫҰ-ға  10 мемлекет мүше, екі бақылаушы және 14 диалог жөніндегі әріптес елдер бар.) басшыларын  түгел  жинады. Бұл  нені білдіреді? Әрине алдымен өзіне экономикалық қысым көрсетіп  отырған  АҚШ –қа,  одан  кейін қазір түрлі  желеумен  санкция  салуға әзірленіп  жатқан Европа елдеріне көрсеткен  қыры деуге  болады? Тіпті Екінші Дүниежүзілік  соғыстың аяқталуына 80 жыл  болуына байланысты өткізген әскери  шеруде Бейжін әскери әлеуетін  әлемге  паш етті. Мұнысында  «бізбен абайлап сөйлесіңдер»  деген ишара  жатқаны  белгілі. Саммит  барысында  Тяньцзи́нь декларациясы қабылданды. Ең маңыздысы ШЫҰ –ның банкін  құру болды.  Оған  Қытай  тарапы 1,5 миллиард доллар  құймақшы. Десек те, қабырғасы  2001 жылы қаланған ШЫҰ-ның  әлемдік  геосаясаттағы орны  қандай?  Бәрі бірі үшін,  бірі бәрі  үшін  қимылдайтын бір  тұтас  ұйым  ба? Әлде ШЫҰ -ы тек ара  тұра  бас  қосып, пікір алысып, тарасатын алаңға ғана  болып,  «Ортақ  өгізден оңаша бұзауым артық» дегендей әр ел өз  мүдделері күйттеп жүре  бере  ме? Бұлай дейтініміз ұйымға мүше елдердің  өзі ішінде қайшылықтар  жетеді.  Мәселен, Қытай  мен Үндістанның  арасы. Жер  дауы,  шекара  дауы бар.  Бірнеше  мәрте қарулы  қақтығыстарда  болды. Сол  секілді Үндістан  мен  Пәкстан арасындағы текетіресті айтуға  болады. Тіпті арыға  бармай-ақ,  жақында  болған Пәкстан  мен  Үндістан  арасындағы жанжалды еске алсақта жетеді. Тіпті Қытай  Пәкстанның жақтасы. Осы  ұйымдағы Иран АҚШ  пен  Израиль  тарапынан қысым  көрген  кезде  Қытайда, Үндістанмен Ресейде  ешқандай көмек  бермеді. Осының өзі-ақ ұйымның әлі толыққанды  бір тұтас,  мүдделес  ұйымға айналмағанын көрсетсе керек. Әлбетте, ШЫҰ әскери  блок емес. Демек  мұныда ескерген  жөн сияқты. Дегенмен, ШЫҰ-ның  саммитін  өз  жерінде  өткізу арқылы Қытай Жаһандық Оңтүстіктің көшбасшысы екенін әлемге  таныта алды.  Ал,  енді  өз елімізге келетін  болсақ, ШЫҰ-ның  екі күндік  саммитіне,  әскери  шеруіне Қазақстан  президенті  Қасым – Жомарт Тоқаевта  қатысты. Ең  бастысы Қазақстан  мен  Қытай арасы құны 15  миллиард  доллар  болатын 70  құжатқа  қол  қойды.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ

Алдыңғы жазбаПрезидентке деген сенім