Home Жаңалықтар Прокурорлар қазақстандықтарға ескерту жасады

Прокурорлар қазақстандықтарға ескерту жасады

146

Алматы прокуратурасы «ҚазМұнайГаз» жаңа инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнамаға» қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Ddodanews.kz тілшісі.

Алматы Медеу ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнаманы анықтаған.»Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Осыған байланысты прокуратура азаматтардан тағы да қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамdodanews.kzидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды», – делінген хабарламада.

Өз кезегінде құқық қорғау органдары заңсыз инвестициялық ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шараларын қабылдап жатқаны айтылды.

Алдыңғы жазба«ЖОЛЫ БОЛМАҒАН» ЖАЗУШЫЛАР
Келесі жазбаРайымбек даңғылындағы BRT қашан іске қосылады?