Home Жаңалықтар Мұхтар Тайжан партия құрмақшы

Мұхтар Тайжан партия құрмақшы

155

Елімізде көпшілікке танымал қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің достарымен бірге партия ашу жоспары бар екенін жайып салды.

Оның сөзінше, саяси бәсекелестіктің арқасында ғана қоғам дамиды.

– Қазір біраз белсенділер партия құрамыз деп жатыр. Бұл дұрыс я табиғи нәрсе деп білем. Елімізде көп партия болуы қажет. Бізден үш есе халқы аз Қырғызстанның өзінде 200 астам партия бар. Ал бізде небәрі 6-7 партия ғана…

Сондықтан партия құруды мен өз басым құптаймын, дұрыс. Заң жүзінде мұндай мүмкіндік ашылса, біз де достарыммен бірге партия ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Саяси бәсекелестіктің арқасында ғана қоғам дамиды, – деп жазыпты ол

 

Алдыңғы жазбаВСТРЕЧА С ПРЕЗИДЕНТОМ
Келесі жазбаПлагиат дауына іліккен вице-министр Фатима Жақыпова қызметінен босатылатын болды