Home Дарабоз Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады

177
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев планета біріншілігінде алтын медаль жеңіп алған қазақ боксшыларын құттықтады.

Бұл туралы Ақорда жазды.

«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Алдыңғы жазбаҚауіпсіздік кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өтті
Келесі жазбаЖаңа қылмыстық бап: дропперлік үшін 7 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған