Home Дарабоз Геннадий Головкин — World Boxing федерациясының президенті: Қазақстан спорты үшін тарихи бетбұрыс

Геннадий Головкин — World Boxing федерациясының президенті: Қазақстан спорты үшін тарихи бетбұрыс

34

Қазақ  елі  үшін, қуанышты  жаңалықтың  бірі,  ол -23 қараша күні Римде өткен халықаралық конгресте, даңқты боксшы Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды. Жалпы, бұл шешім тек бокс әлемі үшін емес, жалпы олимпиадалық спорттың болашағы үшін маңызды кезең ретінде бағалануда.                                                                                                       Геннадий Головкин әлемге орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі ғана емес, сондай-ақ үлкен беделге, мінсіз репутацияға ие спорт қайраткері. Оның ұйым басына келуі World Boxing-ті нығайтуға бағытталған күшті қадам ретінде қабылданды. Головкиннің бұл  орындағы қызметі, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына дейінгі кезеңді  қамтымақ. Қысқасы, Головкин бірден әлемдік бокс қауымдастығының ең ықпалды тұлғаларының біріне айналды. Ол бірнеше  бағыттарға  күш  салатынын  айтап  өтті.                                                                                                                                                        Бірінші, Ашықтық пен адал басқару яғни соңғы жылдары халықаралық бокс ұйымдары басқару дағдарысына, жемқорлық айыптарына жиі ұшырағаны белгілі. Головкин бұл репутацияны түбегейлі өзгертуге ниетті.                                                                                                Екінші, Боксшылар мүддесі — бірінші орында яғни GGG әрқашан спортшылардың құқықтарын қорғауды басты назарға қоятынын айтты.                                                                     Үшінші, Жаңа демеушілер тарту, қаржыландыруды ашық жүргізу, федерацияны ұзақ мерзімді модельге көшіру  және Әлемдік бокс қауымдастығын біріктіру. Былайша айтқанда, әр елдің ұлттық федерациялары мен бапкерлерін ортақ платформаға жинау — оның маңызды мақсаты. Қысқасы, Геннадий Головкиннің World Boxing федерациясының президенті болып сайлануы — бокс тарихындағы жаңа кезеңнің басталуы деп түсінген  жөн. Оның беделі мен халықаралық деңгейдегі тәжірибесі ұйымның даму траекториясын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.  Жалпы, Геннадий Головкиннің мұндай  мәртебелі  орынға  келуі, еліміз үшін абыройлы тарихи сәт деуге әбден  болады.
Бұған дейін қазақстандық спортшы халықаралық федерацияны басқару деңгейіне көтерілмеген. Головкиннің президент болуы халықаралық аренада Қазақстанның беделін одан әрі арттырары хақ!  Демек, Қазақстан үшін бұл оқиға ел спортының халықаралық деңгейде жаңа белеске көтерілгенін білдіреді.
Ал әлемдік бокс үшін — әділ, ашық және спортшыларға бағытталған басқаруға бет бұрғанын көрсетеді.                                                                                                                             «Байтақ»  жасылдар  партиясы, Әлемдік  додаларда еліміздің  көк байрағын талай  мәрте  желбіреткен Геннадий Головкинге  сәттілік  тілейді!

Азаматхан  ӘМІРТАЙ

Алдыңғы жазбаҚырғызстандағы соңғы жағдайлар: билік тұрақтылығы ма, әлде жаңа саяси циклдің басталуы ма?
Келесі жазбаКаспий: тартылған теңіздің тағдыры қайда бастайды?