Home Дарабоз Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

170

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен турнирінің (Аустралия) финалына шықты. 

Елена Рыбакина жартылай финалдық матчын чехиялық теннисші, әлемнің 40-ракеткасы Линда Носковоға қарсы өткізді.

Матч 1 сағат 3 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Рыбакина матч кезінде 8 эйсті орындап, бір қос қателік жасады. Бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Ал оның қарсыласы бір эйс пен үш қос қателік жасап, төрт брейк-пойнттың ешбірін өз есебіне жаза алмады.

Енді Елена Рыбакина финалда Беларусь теннисшілері Арина Соболенко мен Виктория Азаренко арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Алдыңғы жазбаПрезидент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Келесі жазбаБАЛАҚАЙ, ТӘБЕТІҢ ҚАЛАЙ ТАМАҚҚА, ЫНТАҢ АРТТЫ МА, САБАҚҚА?