Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.
Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы жаңадан ашылған Неке сарайына барып, жастармен бейресми кездесу өткізген болатын.