Home Қоғам        Білім деңгейі – Әлем назарында

       Білім деңгейі – Әлем назарында

23

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің филология факультеті Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Физика-техникалық факультетінің студенттері мен оқытушылары арасында көптеген іс-шаралар өтізіп келеді. Бұл жолғы өткізілген шараның басты мақсаты – Әлемдегі елдердің мысалдарына сүйене отырып, қазіргі қоғамда сапалы білім алу жолдарының табыстылығын қалай айқындайтынын көрсету жолдрына бағышталды.

Іс-шараға қазақ және орыс бөлімдерінің оқытушылары мен 1-курс студенттері, сондай-ақ физика-техникалық факультетінің орыс бөлімінде білім алып жатқан Қытай Халық Республикасынан келген студенттер Ren Ruizi және Zhang Shiyun қатысты. Олар өз елдеріндегі білім деңгейін, жастардың білім, ғылымға деген құштарлығын айтты. Ал, студент Әсел Нұрғани Қытай мен Қазақстан жоғары оқу орындарындағы білім беру ерекшеліктеріне тоқталды. Еркінқызы Саяжан мен Құбай Құралай Қазақстан мен Германия еліндегі білім беру жүйесіне кеңінен тоқталып, студенттердің өмірінен қызықты деректер айтты. Сонда-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер өз өңірлеріндегі жастардың білімге деген құштарлығын баяндады. Тілеуғали Әділ болса, қала мен ауыл арасындағы білім беру ерекшеліктеріне тоқталды. Ал, Калимуллин Ақерке Оңтүстік Корея еліндегі жастарға сапалы білім беру ерекшелігін және олардың оқу бітірген соң жұмысқа орналастыру жағдайланын тілге тиек етті.

Осы іс-шараны өткізу барысында кафедраның аға оқытушылары Б.Қ.Исабаева, А.С.Утебекова, А.С.Режеп, Б.М.Саяқова, Э.С.Баймұратова мен М.Ж.Мырзахметті ерекше атап өтуге болады. Жастар осы бір салихалы жиыннан маңызды дерек-ұсыныстар алып, құшырлана түсті.

 

                                          Ш. Ғұмарова, Г. Қайрақбаева,

                   әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің филология факультеті  шетел тілдері кафедрасының аға  оқытушылары

                                            Алматы қаласы.

Алдыңғы жазбаТоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесті
Келесі жазбаҚазақстан мұнайы Корея нарығына шыға ма?