Home Жаңалықтар Алматыда автобустың кілт тоқтауы салдарынан зейнеткер аяғын сындырып алды

Алматыда автобустың кілт тоқтауы салдарынан зейнеткер аяғын сындырып алды

155

Алматыда №405 маршрутында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шегушіге денсаулығына зиян келтірілгені үшін өтемақы төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Досжан- М» көлік компаниясы басшылығының айтуынша, автопарк Айжан Кәрменоваға сақтандыруды күтпестен, медициналық және сауықтыру қызметтерінің ақысын төлейді.

«Сондай-ақ, автобус жүргізушісі 2 бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оған сәйкес жүргізуші куәлігінен айырылады және 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Толықтай айып сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша тағылады. Әзірге Кәрменованы отаға дайындап жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің мобильділік басқармасынан.

Еске салайық, 6 мамырда №405 маршруттың жүргізушісі көлікті кілт тоқтатып, соның салдарынан зейнеткер Айжан Кәрменованың үстіне автобус салонының жолаушылары құлаған еді. Әйелдің аяғы сынды.

inform.kz

Алдыңғы жазбаНазарбаев Университетінің Халықаралық ғылыми тобы физикадан әлемдік жаңалық ашты
Келесі жазбаТунис жағалауында қайық апатқа ұшырап, 50 адам қаза тапты