Home Басты жазба Алла жар болсын!

Алла жар болсын!

40
Мұхитқа тұншықпай, орманға адаспай, көршімен ұрыспай…
Тоқаев билікке келгелі екі көзіміз ту сыртында. Қалт жібермей қарап отырмыз. Тамсанған да, тасырқаған да адам жетерлік. Кім не айтса да, сөз – болжам, іс – дәлел!
Күн сайын күдік азайып, сенім тереңдеп келеді.
Саясаттың заңы қатал. Қалғысаң қапы қаласың, ұйықтасаң мәңгі оянбайсың. Демократия да – смокинг сияқты. Біреуге жараса кетеді. Біреудің үстінен көріп, еріксіз жымиясың…
Осы “тасып төгіледі” дегендер бу боп ұшып кетіп жатыр, осы “түк тындыра алмайды” дегендер ту көтеріп шығып жатыр. Айғыр дегенің ат боп, шуақ дегенің шоқ боп кетіп жатыр…
Саркози түрмеде отыр, Сакашвилидің де тістейтін галстугі жоқ.
Кешегі “террорист”, бүгінгі Сирияның серкесіне Трамп әтір сеуіп жүр.
Кешегі “бүлікші”, бүгінгі әріптес талибандармен саудада жекжат боп отырмыз.
Осындай аласапыран әлемде, досың кім, дұшпаның кім, болжап болмайтын заманда біз алаңдамай кім алаңдайды?!
“Каспий” білмейтін құпияң жоқ, Chat GPT дан артық сырласың жоқ, барлық жерде Facial scan, Құдайдан емес, камерадан “қорқып” біраз өмір өтіп жатыр…
Бұрын патшалар тақта отыратын, қазір табуреткада отырғандай ахуалды байқайсың. Себебі ішкі саясат үйіңе кірем дегенше, сыртқы әсерлер сүйегіңе сіңіп үлгереді. Фейсбук төңкерістер, ютуб алгоритмдер, тик-ток саналар, инстаграм фильтрлер адамзаттың миын аузына түсіріп, аузын айға қаратуда…
Патшамыз Ташкентте жүр. Ең биік марапатына ие боп, ең ыстық алғыстарға куә болуда. Қазір көршімен алакөз болатын уақыт емес екенін, тізе қосып, әлемдік құбылыстарға төтеп беру керек екенін баршамызға сезіндірген сапар болғандай…
Ия, рас, Мәскеуге Киевтен жақын емес едік. Еврейге арабтай туыс емес едік. Қытайдың бір қаласындай ғана қауымбыз. Путин кешкі асты үйінен беріп, Трамп Израилға біз үшін звондап, Си Цзиньпин оң жағынан орын беріп, түбін түсінбейтін, бірақ, хайырлы болса екен дейтін қаншама оқиға орын алып жатыр…
Үш алпауыттың да басшысымен өз тілінде сөйлеу – ділін түсіну, жүрегін жұмсарту, жүзін жылыту екені сөзсіз.
Қазір тілдесудің, кеңесудің, ашықтықтың заманы. Жасанды интелект жауламаған нүкте қалмас. Осы кезеңде проблеманы артынан қумай, алдынан тосып алатын, жаңашылдыққа жаны құштар, оны даналықпен дамытатын президентіміз болғаны қандай мәртебе!
“Күшті президент” бар!
Енді “ықпалды Парламент”, “есеп беретін Үкімет” еншімізге тисе екен. Қолы да, жолы да, даласы мен қаласы да “Таза Қазақстанды” жүрегі де, ниеті де, ісі де “Адал азаматтар” жүзеге асыратынына күмәніміз жоқ.
Тек, бағымызға орай, осы тілек орындалса екен…!
“Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт” деген қағидадан не түсіндім…
Кім не айтса да ойланып сөйлеу керек екенін, дәлелмен, заңға сәйкес сөйлеу керек екенін ұғындым…
Sinooil дан жанармай құйғанда кіжінбей, Lukoil дан май ауыстырғанда күңкілдемей жүретін күн келіп жатқандай.
Шетелдікке шыққан қыздардың да тойында тост айтып, сырға таққан ұлдардың да сервисін көріп жатқан қоғамның мүшесіміз. Өзіңді бағаламасаң, жаттың жарнамасы өтеді. Қазір қырықта да қылшылдап тұрудың үлгісі Роналдо, алпыста да сыны кетпей сымбат сақтаудың моделі Джей Ло. Оларға реніш жоқ. Әлемдік бәсекенің хас жұлдыздары ғой…
Отар елдің арманы көп. Қаншама сүйегі асыл жігіттер мен қылығы қазына қыздарымыз еленбей естен шықты. Жетпіс бесте де жекпе-жекке шыққан Қабанбайды, елу бір пұт көтерген Балуан Шолақты үлгіге айналдыра алмасақ, трендте тұрғандардың не кінәсі бар?
Christian Dior дың нөмірі бірінші моделі болған Алла Алчунның қазақ қызы екенін қай ару қаперіне алып жатыр. Ол сұлу да Парижде дәуірлемей ортамызда жүрсе әдеттегі бір абьзердің құрбаны боп кетпесіне ешкімнің кепілдігі жоқ.
Қоғам қожырса – ісімізден сөзіміз көбейгеннен. Эмоциямыз игерілмейді, энергиямыз орынына жұмсалмайды. Жел сөзді жібереміз, жеме-жемге, жеке пайдаға келгенде жалт береміз. Ақсақал да, зиялы да, қаламгер де сол. Ұлттық мүдденің ұраншысы көп, бірақ, ақырына дейін жанын жалдаған шырақшысы жоқ.
Қазақи ауданға орыс мектебі салынса, ақпараттық кей экрандарға қытай қарпі жазылса, кімге не деп ренжисің?!
Сауда санастырады, бәсеке мәжбүрлейді. Арың үшін жаныңды, жаның үшін малыңды бересің. Оның өзін қолыңнан алса…
Қатыныңды қызғану азайса, вальске шақыратын көбейеді, көңіліне қарай берсең балаң өзіңе ұқсамай қалады. Өмірдің шындығы сол!
Әйтсе де, үміт үлкен, Алла туралы, Оның тағдыры жайлы, тек жақсы ойлаймыз!
Мангуст деген аң бар. Түріне қарамай әб жыланмен арбасып, оқ жыланмен оратылып, сұр жыланның сіңірін шайнап жүру сүйікті ісі. Ә дегенде удан әлсірегенмен уақыт өте келе қарсы тұру қабілеті артып, қорқынышты ортаның қаһарманына айналады…
Тұйғын деген құс бар. Тұрқы жұдырықтай болғанмен жылдамдығы жұлдыз аққандай. Он есе үлкен ор қоянның миын тесіп, бес есе үлкен суырдың белін сындырып, жеке шыққан дуадақтың желкесін үзіп, жегені алдында, жемегені артында…
Ия, Қазақия да көп ел емес. Көршілеріміз көлденең жатқан таумен тең, жөңкіле көшкен селмен тең. Кеңесумен, келісумен, күтумен, күлумен қанша шаруа шешіліп жатыр.
Мәмілені маңдайға темір қазық қылып, дипломатияны негізгі діңгек қылып, көшбасыларымыз көп шаруа шешіп жатыр.
Шешіле берсе екен. Мерейімізді өсіре берсе екен…
Асау өзен тасып ағып, арғы бетіне өту керек болса, атам қазақ атына сенген. Жалына жармасқан, Аллаға тәуекел, атыңа алаңдау. Қамшы ұрмайсың, тақым қыспайсың. Мықты болса алып шығады, әлсіз болса бірге кетесің…
Қазіргі кезең, әлемдік құбылыстар асау өзеннен де арынды. Бауыр бауырды жеп, мықты әлсізді төпелеп жатыр….
Бұйырса, алып шығар тұлпарымыз Қасым – Жомарт Кемелұлы!
Жолына қарап, жалын сипап, арғы жағалауға алаңдаған жұрт – сіз бен біз!
Бір

Бір Алла жар болсын!
Мұхамеджан  ТАЗАБЕК (ФБ парақшасынан)
Алдыңғы жазбаӨзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Келесі жазбаNarxoz студенттері сенатормен билік жүйесінің жұмысы туралы пікір алмасты