Home Саясат Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

52

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

16 қарашада президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді.

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды

Алдыңғы жазбаҚазақстан Ресейден Екатерина Биволды экстрадициялауды сұрайды
Келесі жазба«Ақша үшін әнші атанбадым»