Home Саясат Тоқаев Бектеновке маңызды тапсырма берді

Тоқаев Бектеновке маңызды тапсырма берді

7

Президент премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ,елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажет шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар, онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.

Алдыңғы жазбаАҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы және оның Қазақстан экономикасына ықпалы (2025–2030)