Home Жаңалықтар Қазақ киносының «Қожасы» – Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті

Қазақ киносының «Қожасы» – Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті

22
Белгілі актер, сценарист, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті.

Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі естіртіп, марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды.

Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Алдыңғы жазбаҚазақстан 2025 жылды қандай нәтижемен түйіндеп отыр?