Home Қоғам Президентке деген сенім

Президентке деген сенім

15
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) 2025 жылғы 11 шілде мен 12 тамыз аралығында халық арасында жаппай сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты.

«Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар (90,3%). Одан кейінгі орындарда 30-45 жастағылар (82,4%), 46-60 жастағылар (78,6%) және 61 жастан асқандар (77,8%) тұр.

Ауыл тұрғындарының сенімі қала халқына қарағанда сәл жоғары (сәйкесінше, 84,9% және 80,9%).

Табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу ерекшеліктеріне қарамастан, респонденттердің сенім деңгейі бірдей дәрежеде.

Сурет: kisi.kz

Президентке ең көп қолдау білдіретіндер: білім беру саласының қызметкерлері (89,6%), денсаулық сақтау мамандары (84,5%), мемлекеттік қызметшілер (87,1%), құқық қорғау органдарының қызметкерлері (96,9%), ауыл шаруашылық саласының өкілдері (86,2%), ғылым (85,7%), мәдениет пен өнер саласының мамандары (85,9%).

Зерттеу қорытындысы ел арасында Президентке сенімнің тұрақты жоғары деңгейде екенін айқын көрсетті. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың азаматтар үшін тиімділігін дәлелдейді.

Қоғамдық саясат институтының маусым айындағы сауалнамасы қазақстандықтардың елдің дамуына қатысты тұрақты оң көзқарасын сақтап отырғанын көрсетті: респонденттердің басым бөлігі – 79,4% – Қазақстан дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді.

Алдыңғы жазбаҚытайдағы ШЫҰ саммиті: назар аударарлық 5 мәселе
Келесі жазбаШЫҰ-ның  әлемдік  геосаясаттағы орны  қандай?