Home Жаңалықтар Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

153

30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады, деп Tengrinews.kz тілшісі ҚР ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің хабарлауынша, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.

«Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді», – делінген хабарламада.

Алдыңғы жазбаГүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды
Келесі жазбаПрезидент дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты