Home Қоғам Мұрат Нұртілеу министр қызметінен босатылып, президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Мұрат Нұртілеу министр қызметінен босатылып, президенттің көмекшісі болып тағайындалды

111
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, ол ҚР Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі қызметіне келді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды».Ақорда

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу:

1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.
  • 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
  • 1999-2003 жылдары – Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің атташесі.
  • 2003-2004 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
  • 2004-2006 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
  • 2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
  • 2007 жылы – ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.
  • 2007-2011 жылдары – ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.
  • 2011 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
  • 2011 жылы – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры.
  • 2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) Тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
  • 2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
  • 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
  • 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
  • 2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
  • 2022 жылғы 5 қаңтар – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2022-2023 жылдары – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы.

Жаңа қызметке келерден бұрын Мұрат Нұртілеу 2023 жылғы 3 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымында жұмыс атқарған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы кезекті бір Жарлығымен Сыртқы істер министрі етіп Ермек Көшербаевты тағайындады.

Алдыңғы жазбаҚазақстандықтарға жаңа киберқатер төніп тұр
Келесі жазбаСонау аппақ дүние…