«Реал Мадрид» 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматыдағы орталық стадионда өтетін «Қайратқа» қарсы матчқа қатысатын бастапқы құрама тізімін жариялады.
Бұл ақпаратты мадридтік клуб өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Оған сәйкес, «Қайратқа» қарсы матчта 22 футболшы өнер көрсетеді. оның алтауы – қорғаушылар.
Сурет: Instagram/realmadrid
Негізгі оң тұстың қорғаушысы және «Реал Мадрид» ФК капитаны Дани Карвахаль «Қайратпен» болатын матч алдында жарақат алып қалды. Одан бөлек тізімде Трент Александр-Арнольд, Эдер Милитао және Антонио Рюдигердің аты-жөні көрінбейді.