Home Қоғам Күштік құрылымдар көлеңкесіндегі билік: Орталық Азиядағы жаңа үрдіс

Күштік құрылымдар көлеңкесіндегі билік: Орталық Азиядағы жаңа үрдіс

19

Соңғы апталарда Орталық Азияда бір-біріне ұқсас кадрлық шешімдер қабылданып жатыр. Бұл жай ғана ротация ма, әлде аймақ басшыларының қауіпсіздік құрылымдарына деген көзқарасының өзгеруі ме?

Кеше ғана Сердар Бердымухамедов Түрікменстанның ұлттық қауіпсіздік министрі Назар Атагараевты қызметінен босатып, оның орнына президент қауіпсіздік қызметін басқарған генерал-майор Довлетгелди Мередовті тағайындады. Түрікменстандағы Ұлттық қауіпсіздік министрлігі – 1991 жылы КГБ негізінде құрылған, президентке тікелей бағынатын, елдегі ең ықпалды күштік құрылым. Бұл құрылым тек терроризммен немесе барлаумен ғана айналыспайды, саяси тұрақтылықтың басты тетіктерінің бірі саналады.

Бұған дейін Садыр Жапаров өзіне ең жақын серіктерінің бірі Камчыбек Ташиевті барлық қызметінен босатты. Ресми түсіндірме – «мемлекет бірлігін нығайту және құрылымдар арасындағы жікке жол бермеу». Бірақ артынша күштік блок түгел қайта құрылып, Шекара қызметі ҰҚК құрамынан шығарылды, президентке тікелей бағынатын жаңа күзет қызметі құрылды. Бұл – жай кадрлық ауыс-түйіс емес, ықпал орталықтарын қайта бөлу.

Өзбекстанда да ұқсас сценарий болған. Шавкат Мирзиёев билікке келгеннен кейін, ұзақ жылдар бойы ерекше ықпалға ие болған ҰҚҚ басшысын орнынан алып, құрылымның ішкі архитектурасын өзгертті. Себебі авторитарлық немесе жартылай авторитарлық жүйелерде қауіпсіздік органдары – тек атқарушы орган емес, саяси салмаққа ие дербес күш.

Ал Тәжікстанда қауіпсіздік жүйесі төңірегіндегі ішкі шиеленістер туралы ақпараттар жиі шығып тұрады. Аймақтағы бұл тенденция кездейсоқ емес.

Бұл нені білдіреді?

Біріншіден, Орталық Азия елдерінде күштік құрылым басшылары – жай шенеунік емес. Олар:

ақпараттық ресурстарға ие;

элита ішіндегі ықпал желісін қалыптастыра алады;

саяси транзит кезеңінде шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Сондықтан жаңа президенттер немесе билігін нығайтқысы келген көшбасшылар ең алдымен қауіпсіздік блогын «тазалайды». Бұл – қорқыныштан гөрі саяси инстинкт.

Екіншіден, аймақтағы басқару моделі әлі де «персоналистік билікке» сүйенеді. Институттардан гөрі тұлғалар маңызды. Мұндай жағдайда қауіпсіздік басшысы шамадан тыс күшейсе, ол балама ықпал орталығына айналуы мүмкін. Ал бұл – президент үшін тәуекел.

Үшіншіден, геосаяси турбуленттілік (Ресей–Украина соғысы, Ауғанстан факторы, санкциялық қысым) жағдайында қауіпсіздік құрылымдарының рөлі арта түсті. Бірақ олардың күшеюі президенттің жеке билігіне қауіп төндірмеуі тиіс. Сол себепті басшылар күштік блокты жиі ротациялап, өзіне тікелей тәуелді адамдарды қояды.

Қорқыныш па, әлде басқару логикасы ма?

«Орталық Азия басшылары күштік құрылымдардан қорқа ма?» деген сұраққа біржақты жауап жоқ. Бұл қорқыныштан гөрі – билік вертикалын толық бақылауда ұстау талпынысы.

Аймақтағы тәжірибе көрсеткендей, транзит кезеңінде ең ықпалды ойыншылар – дәл осы қауіпсіздік органдары. 2005 және 2010 жылдардағы Қырғызстандағы оқиғалар, Қазақстандағы 2022 жылғы Қаңтар дағдарысы қауіпсіздік құрылымдарының саяси процестегі рөлін айқын көрсетті. Сол себепті президенттер үшін басты қағида – «күштік блок президенттен күшті болмауы керек».

Қорытынды

Орталық Азияда қазір жаңа кезең басталып жатыр. Бір жағынан – жас президенттер, екінші жағынан – ескі қауіпсіздік элитасы. Бұл тек кадрлық ротация емес, билік архитектурасын қайта сызу процесі.

Сердар Бердымухамедовтің шешімі, Садыр Жапаровтың қадамы, Мирзиёевтің бұрынғы реформалары – бәрі бір логиканың бөлшектері. Аймақтағы саяси тұрақтылық енді тек экономикалық көрсеткіштерге

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

dodanews.kz

Алдыңғы жазбаТәжікстанда билік транзиті басталды ма?