Home Қоғам Каспий жағасына АЭС салына ма?

Каспий жағасына АЭС салына ма?

84

Алматы облысында екі АЭС салу жоспарланып отыр, тағы біреуі Батыс Қазақстанда салынуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, атом саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы атом станциясын салу үшін екінші алаң ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын белгілеген.

«Байқаудың барлық қатысушысымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. ҚХР пайдасына түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Бірақ үнемі бұл компанияны басымырақ қарастыратынымызды айттық. Бірақ әзірге шешім қабылданған жоқ», – деді ол Мәжілістегі брифингте.

Ол елдің батысында станция салу мүмкіндігі де қарастырылып жатқанын жеткізді.

«Батыс Қазақстан, Каспий жағалауы шағын және орта қуатты реакторлары бар атом станциясын салу үшін әлеуетті орын ретінде қарастырылады. Десе де әзірге алаң нақты анықталған жоқ. Жақын арада зерттеу жүргізіледі», – деп толықтырды агенттік басшысы.
Алдыңғы жазбаМолдовада парламент сайлауы өтіп жатыр
Келесі жазбаТоқаев ЖИ қаупі туралы