UC Davis университетінде «500 ғалым» халықаралық жоба аясында ғылыми тағылымдама бойынша біз Калифорниядағы ерекше тарихи орындардың біріне, Fort Ross бекінісіне жол тарттық. Бұл шеткі орыс бекінісі 19 ғасырдың басында Солтүстік Америкадағы Ресей империалдық экспансиясының бір белгісі ретінде құрылып, бірнеше онжылдық бойы тарихи, мәдени және экономикалық маңызы бар мекенге айналды.
Ғалымдардың көзқарасымен қарағанда, Fort Ross тек ескі тас-қорған ғана емес, сонымен бірге Ресей мен Америка арасындағы алғашқы мәдени және сауда байланыстарының көрінісі болып табылады. Америка Құрама Штаттарының солтүстік Калифорниясында орналасқан Fort Ross, немесе Крепость Росс, XIX ғасырдың басында Ресей империясы салған ерекше бекініс ретінде тарихта қалды. Көпшілік оны “Ресейдің Калифорниядағы шеткі қонысы” деп атайды. Бүгінде бұл жер туристер мен тарих сүйер қауым үшін танымдық орталыққа айналған, сонымен қатар Америка мен Ресей арасындағы байланыстардың ерекше үлгісі ретінде зерттеліп келеді. Бұл кезеңде Калифорния формалды түрде Испанияға, кейін Мексикаға тиесілі болғанымен, нақты бақылау әлсіз еді. Ал 1812 жылы Ресей-Америка компаниясының өкілі Иван Александрович Кусков Fort Ross-ты әкімшілік және шаруашылық орталық ретінде жоспарлады. Бекіністің құрылысы Ресейдің дәстүрлі архитектурасымен ерекшеленді: ағаштан жасалған қоршаулар, тұрғын үйлер, қоймалар, шеберханалар және православ шіркеуі салынды. Fort Ross Ресей империясының Солтүстік Америкалық мүдделерін қорғау және Аляскадағы қоныстарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін маңызды стратегиялық нүкте болды.

Сол жылдары Ресей-Америка компаниясы Аляскадағы қоныстарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне тап болды. Аляскадағы қатаң климат пен аңшылыққа тәуелділік оларға Калифорния жағалауындағы жылы және қолайлы аймаққа назар аударуға мәжбүр етті. Осылайша, қазіргі Сонома округінде Fort Ross салынды. Ол әскери бекініс қана емес, азық-түлік өндіру, мал шаруашылығы және сауда орталығы ретінде де қызмет етті. Бекіністің тұрғындары әртүрлі этностардан тұрған екен. Ресейден келген қоныстанушылар, Аляскадан әкелінген алеут аңшылар, жергілікті кашая-помо үндістері.
Олар бірге жұмыс істеп, аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысты. Бұл әртүрлі халықтардың бірігіп өмір сүруінің ерекше үлгісін көрсетті. Кейбір зерттеушілер Fort Ross-ты мәдени көптүрліліктің алғашқы тәжірибесі деп сипаттайды, өйткені әртүрлі дәстүрлер мен тұрмыстық дағдылар бір ортада үйлесімді өмір сүрген.
Fort Ross-та егіншілік, мал шаруашылығы және аңшылық басты кәсіп болды. Бірақ экономикалық өмірдің қиындықтарыда да жоқ емес еді, жердің су тапшылығы және жағалаудағы тұман халықты қажытып жіберді. Климаттық ерекшеліктер мен желдің әсері, аң терісінің қорының азаюына әкеп соқтырды. Бұл факторлар бекіністің қаржылық тиімділігін шектеді. Ресей империясы Fort Ross-ты ешқашан толық қаржылық тәуелсіздікке жеткізе алмады, бірақ бекініс стратегиялық, саяси және мәдени маңызын сақтаған болатын.
Алайда Fort Ross күткендей табысты болмады. Жер өңдеуге қолайсыз жағдайлар, алыста орналасуы және экономикалық қиындықтар қоныстың дамуына кедергі келтірді. 1841 жылы Fort Ross америкалық кәсіпкер Джон Саттерге сатылды, бұл Ресейдің Калифорниядағы отарлық әрекетінің аяқталғанын білдірді. Кейін бұл жер Мексика және АҚШ құрамына кірді. Қазіргі таңда Fort Ross – Fort Ross State Historic Park, онда туристер бекіністің құрылысын, тұрғын үйлерін, шіркеуін және сол кездегі тұрмысты көре алады.
Fort Ross маңыздылығы неде деген сұраққа келер болсақ: Ол Ресейдің Америкадағы тарихи ізі. Әртүрлі халықтардың бір жерде өмір сүру тәжірибесі. Отарлық саясаттың шектеулерін көрсететін нақты мысал ретінде көруге болады.
Fort Ross бізге тарихтан бір маңызды сабақ береді. Кез келген үлкен жоспар жергілікті жағдаймен санаспаса, ұзақ өмір сүрмейді. Сонымен бірге бұл қоныс мәдениеттер арасындағы түсіністік пен бейбіт өмір сүрудің мүмкін екенін дәлелдейді.
Тарихқа жүгінетін болсақ, кез келген үлкен жоспар жергілікті жағдайларды ескермей жасалса, ұзақ өмір сүрмейді. Әртүрлі халықтар бірге өмір сүріп, өзара әрекеттесуге үйренуі мүмкін. Отарлық саясат қарулы немесе саяси шешімдер арқылы ғана емес, адамдардың күнделікті еңбегі мен жаңа ортаға бейімделуі арқылы іске асады. Fort Ross мысалы бізге тарихты тек өткен шақ ретінде емес, бүгінгі өмірге сабақ беретін құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.
Сапар барысында өткізілген дәріс бізге терең ұмытылмас әсер қалдырды, ал Fort Ross тарихы бізге стратегиялық, мәдени және әлеуметтік тұрғыдан маңызды сабақ болды. Үлкен империялық жоспарлар табиғи және әлеуметтік шектеулерге тәуелді. Әртүрлі мәдениеттер бірге өмір сүре алады және тәжірибе алмаса да алатынының айқын көрсетті. Тарих тек оқиғалар туралы емес, сонымен қатар адамдардың күнделікті өмірі, еңбек және бейімделу тарихы туралы маңызды. Fort Ross оқиғасы – Ресейдің отарлық әрекеті ғана емес, сонымен қатар адамдардың бірге жұмыс істеу, ортақ мүдде үшін әрекет ету және мәдениет алмасу тарихы.
Қызықты фактылар бірегейілігін айтар болсақ, Fort Ross-та ағаш дуалмен қоршалған қамал, православ шіркеуі және жел диірмені бар. Бекіністе орыс отбасылары мен жергілікті үндістер бірге өмір сүріп, өз тәжірибелерін біріктірген. Fort Ross АҚШ тарихында Ресей империясының ең оңтүстік қонысы ретінде есте қалды. Бекіністің кейбір үйлері мен шіркеуі қазіргі күнге дейін қалпына келтіріліп, туристерге ашық.
Fort Ross – тек тарихи ескерткіш емес, сонымен қатар мәдени өзара әрекеттестік пен адамдардың ортақ өмір сүру тәжірибесінің символы. Бұл бекініс арқылы біз XIX ғасырдағы Ресейдің Солтүстік Америкалық мақсатшылдығын, жергілікті халықтармен қарым-қатынасын және адам мен табиғат арасындағы байланысты көре аламыз.
UC Davis университеті
Калифорния штаты
«500 ғалым» жобасы бойынша
«Болашақ» бағдарламасының
стипендиаттары
Тултабаева Тамара
Иргебаева Акереке
Курманбаева Алмагүл
Фото жеке архивтан К.А

































