Home Жаңалықтар Арыс қаласының 65 пайызы снарядттан тазартылды

Арыс қаласының 65 пайызы снарядттан тазартылды

143

Арыс қаласы аумағының 65 пайызы жарылғыш заттардан тазартылды. Саперлер 6 мыңнан астам оқ-дәрі тауып, оны зиян келтірмейтіндей етті.

«Сағат 16.00-де қала аумағының 65 пайызын тазарту аяқталған еді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда. Алайда, бұл жұмыстар тұрғындар қалаға кірмей тұрып аяқталады», – деп мәлімдеді Түркістан аймағындағы брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев.

Оның айтуынша, төтенше жағдайдың салдарын жою үшін шамамен 2,5 мың әскери қызметкер, 160 бірлік техника жеткізілді.

«Минаны алып тастау үшін 45 топ құрылды, ал жалпы саны шамамен 500 адамды құрайтын екі жару командасының қызметкерлері жұмыс істеді. Қала аумағын үш күндік жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары кезінде, 6000-нан астам оқ-дәрілер тәркіленіп, тасмалданды», – деді Құрманбаев.

 

kaz.tengrinew.kz

Алдыңғы жазбаТаңғы сағат алтыдан бастап Арысқа 5,5 мыңға тарта тұрғын оралды
Келесі жазба5 миллион қазақстандықтың өсімпұлы кешіріледі