Home Жаңалықтар Алматыда 400-ден астам полицей шұғыл дабылмен көтерілді

Алматыда 400-ден астам полицей шұғыл дабылмен көтерілді

151

Бүгін таңертең Алматы қаласының төрт ауданы полициясының жеке құрамы шұғыл дабылмен көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Наурызбай, Алатау, Әуезов және Бостандық аудандарында полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршау, көліктерді қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялау, сонымен қатар тұрғындарға ескерту жұмыстарымен айналысты. Атап айтқанда, учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция, мамандандырылған батальон мен аудандық жедел-тергеу топтары жұмылдырылды», – дейді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Ізбасар Бектұров. Жалпы, сел қаупі бойынша қағылған дабылмен Алматы полициясының 400-ден астам қызметкері көтерілді.

inform.kz

Алдыңғы жазбаАтамбаев ісі: Қызғылт пакет Қырғызстанда дау туғызды
Келесі жазба«Дұрыс емес қой». Заңгер Серікжан Біләштің үлкен қатесін бетіне басты