9 жасар Көкшетау тұрғыны Сабина Қайрат «Әлемнің кішкентай аруы» атанды.
Түркияда өткен халықаралық «Universе Beauty-2019» әдемілік және дарындылар фестиваліне ақмолалық Сабина Қайрат және оның 5 жастағы інісі Дінмұхаммед қатысты.

Балалар өткен жылы «Бірінші Азия вице-аруы» және «Қазақстанның кішкентай мистері» атанған соң осы конкурсқа қатысуға сертификат алған еді.
«Сабина сахнаға ұлттық киіммен шықты, дарындылар шоуына, сондай-ақ дизайнерлік көрсетілімдерге қатысты. Ол Көкшетаудағы «Реверанс» клубында спорттық бал билерімен айналысады. Содан да болар, жанкүйерлерге «Румба» және «Самба» билерін көрсетті»,-дейді бүлдіршіндердің анасы Лейла Рахимова.

9-10 жас дәрежесінде Сабина «Mini Miss Universe» («Әлемнің кішкентай аруы») титулының жеңімпазы атанды, сондай-ақ үздік биі үшін диплом еншіледі.
5 жасар Дінмұхаммед Қайрат «Best photomodel Universy Beauty» титулының иегері атанды. Оның да биі үздік болып мойындалды.

Аналарының айтуынша, жас жеңімпаздар енді маусымда Вячеслав Зайцевтің конкурсына, ал күзде Пьер Карденге – Парижге шақырту алған. Авторы: Оксана Матасова

































